Сабақ тақырыбы: ІҮ-тарау. Атыс дайындығы. § 10. Қол гранаттары. Сабақ мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі89,04 Kb.
#22669
түріСабақ
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ жоспары. 10-сынып.
Сабақ тақырыбы: ІҮ-тарау. Атыс дайындығы. § 10. Қол гранаттары.
Сабақ мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Қарулы Күштеріндегі РГД-5, Ф-1 қол гранаттары, оларға арналған тұтандырғыштың арналуы, құрлысы және ұрыстық қасиеттерін меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштік рухта, ата-бабаларымыздың Отан қорғау жолындағы ерлік дәстүрлерімен, Отан қорғау жолында қиындықтарға мойымауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз ойларын еркін жеткізе білуге, меңгерген әдістерін тәжірибеде қолдана білуге машықтау, қару-жарақтарды оқып-үйренуге тарту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақ әдісі: Интерактивті, үш өлшемді, модульдік оқыту элементтері және компьютерлік оқыту, оқыта үйрету ойындары.

Сабақ көрнекілігі: Ф-1 және РГД-5 гранаттарының құрлысы, Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған гранаталар, оларды қолдану сәті бейнеленген архивтік фотосуреттер, шетел армиясының гранаттары бейнеленген слайдтар, флипчарттар.

Пәнаралық байланыс: Физика. Паскаль заңы.

Сабақ барысы.

І. Кіріспе-2 мин

Сапқа тұру, сәлемдесу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау-4 мин

Сұрақтар:1) Атыс негіздері.

2) Жарылғыш заттар түрлері.

3) Паскаль заңы.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту -6 мин
Тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.


Гранаттар


Ұрыстық қасиеті

РГД-5

Ф-1

Жарықшақтарының қиратқыш радиусы, м


25

200

Лақтырудың орташа қашықтығы, м


40-50

35-45

Жарақталған гранат массасы, г


310

600

Бәсеңдеткіштің жану уақыты, с


3,2-4,2



3,2-4,2


Кесте №1. Гранаттардың ұрыстық қасиеті.

ІҮ. Меңгерту, дамыту бөлімі - 17 мин

«Білімдарлар» ойыны. Әр топқа тақырыптар беріліп, оқушылар осы тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруге дайындалады және басқа топтарға сұрақтар дайындайды. Дайындалуға 5 мин уақыт беріледі. Бір топ тақтаға шығып, басқа топ өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар береді. Топтың сұрақты өз ішінде талдауына 20 секунд беріледі де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады. 
Тақырыптар:

1. РГД-5 қол гранатасы.

2. Ф-1 қол гранатасы.

3. Тұтандырғыш.
Ү. Бекіту (кері байланыс) - 12 мин

А) Оқушыларға 3 деңгейлік тапсырмалар беріледі. Орындап болған соң, жауап парақтарын сағат тілі бағытымен жанындағы серігіне береді, олар шаблон бойынша дұрыс жауаптарын белгілейді де, топ жетекшісі бағалау парағын толтырып мұғалімге ұсынады.

Тест сұрақтары.

І-деңгей.

1. РГД-5 гранатасының қандай бөлігі: 2- ..........................

2. Ф-1 гранатасының қандай бөлігі: 1-...........................



3. Қол граннаттары қарсыластың ............................... ....... жоюға арналған.

4. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты .......... сек.

5. Ф-1 гранатасының салмағы ..............
ІІ-деңгей.

1. Неліктен Ф-1 гранатасы қорғаныстық болып табылады?

2. Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдері жұмысының реті.

A. Соққыш → Капсюль-детонатор → Бәсеңдеткіш → Капсюль-тұтандырғыш ;

B. Капсюль-детонатор → Соққыш → Бәсеңдеткіш → Капсюль-тұтандырғыш;

C. Капсюль-детонатор → Бәсеңдеткіш → Соққыш →Капсюль-тұтандырғыш; 

D. Соққыш Капсюль-тұтандырғыш → Бәсеңдеткіш →Капсюль-детонатор.

3. Гранатаға неліктен пластикалық тығын кигізіледі? ......................................

4. РГД-5 гранатасы корпусының жоғарғы бөлігі ................... деп аталады.
ІІІ-деңгей.

1. Ф-1 гранатасының жарықшақтарының ұшу радиусы неліктен қашық? .........................................

2. Гранатты лақтыруға дейінгі кезеңдердің схемасын сыз.

3. Лақтырылғаннан кейінгі граната бөліктері мен механизмдерінің әрекет ету ретін схемамен көрсет.
Дұрыс жауаптары
І-деңгей.

1. Жарылғыш заряд.

2. Корпус.

3. Тірі күшін.

4. 3,2-4,2 сек.

5. 600 г. 

ІІ-деңгей.

1. Жарықшақтың ұшу радиусы 200 м-ге тең.

2. D.

3. Ластанудан сақтау үшін.

4. Қалпақша.

ІІІ-деңгей.

1. Жарылғыш зарядтың қуатына байланысты.

2. Гранатты сол қолға ұстау → тығынды алу → тұтандырғышты салу →гранатты оң қолға алу → сақтандырғыш мұрындықты алу → лақтыру.

3. Соққыш → капсюль-тұтандырғыш → бәсеңдеткіш → капсюль-детонатор → жарылғыш заряд.

Ә) Әрбір топ екі гранатаның Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары және айырмашылықтарын тауып жазады. Ең көп мәлімет жинақтаған топ жеңімпаз деп табылады. Ф-1 РГД-5

ҮІ. Оқушылар білімін бағалау – 2 мин

Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша жинаған ұпайлары, тесттің дұрыс жауаптар саны және топтың бағасы Excel кестесіне енгізіліп, соның нәтижесінде әр оқушының жинаған ұпайы, бағасы, топтың жалпы ұпайы мен орны және сыныптың орташа бағасы кестеде және диаграмма түрінде көрініс тауып, оқушылар білімі бағаланады.


ҮІІ. Үйге тапсырма беру – 2 мин

Шет ел армиялары қол гранаттарының ұрыстық қасиеттері туралы интернеттен материалдар алып, зерттеу. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет