Сабақ Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы» №23 топ Мамандығы: 1201000 «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»



бет12/13
Дата18.04.2022
өлшемі50,89 Kb.
#139751
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ыбырай сұрақтары
Ашық сабақ Қазақтың тұңғыш журналист қыздары , сөзжұмбақ
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім», — деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі –оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылады.
«Жылдар сөйлейді» стартегиясымен берілген ақпаратты оқушылар қаншалықты қабылдағанын, түсінгенін тексеру.(тақтада жылдар беріледі).
1. Ыбырай Алты нсариннің өмір жолына шолу жасау. Слайд арқылы.

  1. 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

  2. 1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

  3. 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.

  4. 1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

  5. 1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

  6. 1860 жылы

Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

  1. 1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.

  2. 1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады

  3. 1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

  4. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады

  5. 1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

  6. 1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады

  7. 1879-1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады

  8. 1983 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

  9. 1983 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

  10. 1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

  11. 1987 жылы Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

  12. 1889 жылы ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет