Сабақ Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы» №23 топ Мамандығы: 1201000 «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»



бет6/13
Дата18.04.2022
өлшемі50,89 Kb.
#139751
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ыбырай сұрақтары

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» ойыны жүргізіледі (Оқушылар өздеріне ұнаған ерекше жаңалықты түртіп алып, көрші топқа ұсыныс жазады). Мысалы, буклет, презентация, тест, сөзжұмбақ, реферат, т.б.
Поэзия сәті. Оқушыларға ақынның өлеңдерін жаттауға берілді. Әр топтан бір оқушыдан шығып, өлеңдерін оқиды.


Слайд Ыбырай - балалар әдебиетінің негізін салушы, қысқа әңгіме шебері. Әңгіме – оқиғаны баяндауға негізделген, қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Алтынсарин әңгімелерінің мазмұны адамгершілікке, кісілікке, талаптылыққа, өнерге, еңбекке, оқу-білімге, достыққа т.б жақсы қасиеттерге шақырады. Жақсылыққа жақын болып, жамандықтан ада болуға үйретеді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген шағын әңгімі-новеллаларының тақырыбын еңбек, тәрбие, өнер деп шартты түрде бөлуге болады. Әңгімелері: «Қыпшақ Сейітқұл», «Асан мен Үсен», «Атымтай Жомарт», «Әділдік», «Әке мен бала», «Ақымақ дос», «Жаман жолдас,» «Таза бұлақ», «Әдеп», «Алтын айдар» т.б.
Жазушының «Әке мен бала» әңгімесінен көрініс. Автор Жұмашев Мади. Әкесі - Дүйсекенов Қадырбек. Бала - Бейбітов Ислам. Ұста - Намазов Алмас.


Шығармашылық жұмыс: Балалар, көріністі тамашаладыңыздар. Әңгіме мазмұны бойынша Тапсырма: «Зерттеушілер» тобы оқырмандарды сендіре отырып, әке монологын айту.
«Тілшілер» тобы «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» жалқаулық, еріншектік туралы мақал-мәтелдерді жазып, мағынасын ашу.
«Әдебиетшілер» тобы қазіргі уақытта еріншектіктен, жалқаулықтан құтылудың қандай амалдары бар? ой қозғайды.
(Топпен жұмыс, ең жақсы жұмысты таңдап, бір оқушы ортаға шығып оқиды. Бағдаршам арқылы бағалау).
Слайд Автор орындығы. Тапсырма: әр топтан бір оқушы шығып, автор орындығында отырған Ы.Алтынсаринге өздерін таңдандырған сұрақтарын қояды.
Проблемалық сұрақ: 1.Ы.Алтынсарин шығармаларында көтерілген мәселенің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет