Соңы.
Орал ақпараттық технологиялар колледжі
27.09 .2018 ж. Орал қаласы
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақтың
хаттамасы
Төрайымы: О.В.Егорова
Хатшы: Г.С.Тулепбергенова
Қатысқандар: Ильясова Ж.Р.
Валиева А.К.
Балгужиева Н.Е.
Бексариев Н.С.
Кужаева Л.С.
Тажгулова С.М.
Күн тәртібі:
№23 топта қазақ әдебиеті пәнінен өткен ашық сабақ талдамасы туралы
1. Тыңдалды: С.А.Кажгереева – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы. Мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және тіл шеберліктерін байқау.
Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке қамқорлық жасауға баулу, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру. Қолданылған әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, СТО, талдау, постер қорғау, көрініс қою.
Оқушыларға алдын ала өзін-өзі бағалау парақтары үлестірілді.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ басында проблемалық сұрақ қойылып, сабақтың соңында сол сұрақтарға жауап алынды. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |