ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы. Жаңа тақырыпқа шығу.
Слайд Ақын-жазушылардың суретін көрсетіп,олардың өзіне тән ерекшелігін анықтату .
М.Өтемісұлы – ержүрек ақын, батыр.
Ш.Уәлиханов – тұңғыш ғалым, зерттеуші.
Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
М.Әуезов- Абайды әлемге танытушы
А.Байтұрсынов – қазақ әліпбиінің авторы, реформатор, тіл білімінің атасы.
Тұңғыш педагог, ақын, жазушы, аудармашы, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың авторы Ы.Алтынсарин.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.
2. Жазушының қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.
Оқытушының кіріспе сөзі.
- Ыбырай Алтынсарин өмірі, қызметтік жолы туралы бейнежазбаны көрейік және дәптерімізге ақпаратты түртіп алайық. (Ыбырай туралы бейнежазба көрсетіледі).
Проблемалық сұрақ: 1.Ы.Алтынсарин шығармаларында көтерілген мәселенің қазіргі кезде маңыздылығы бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |