Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың міндеттері



Дата15.09.2017
өлшемі59,79 Kb.
#33997
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:            Қазақтың ұлттық тағамдары.

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік:      Қазақтың ұлттық тағамдарымен танысу. Ұлттық  тағамдарының шығу тарихына қысқаша шолу жасау.Тақырыпқа  байланысты өз ойын айта білуге үйрету, қазақ тілінде  сауатты сөйлеуге қалыптастыру. Тест сұрақтарына жауап беру. Өз білім деңгейлерін бағдарлай  білуге, бағалай білуге баулу. 

Дамытушылық:    Сөйлесу тілін  ұстарту. Ой – өрісін, сөздік қорын дамыту. Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Ұлттық тағамның адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелеп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  Аралас.

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, баяндау, ойын, тест .

Пәнаралық байланыс: тарих, қоршаған ортаны тану, әдебиет.

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, мақал-мәтелдер, тағамдар   топтамасы, карточкалар, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің сөзі

- Сәлеметсіздерме? - Қош келдіңіздер бүгінгі сабаққа. Мен сіздермен  қауышып отырғаныма қуаныштымын. Сіздердің осы күнге әзірліктеріңіз қалай? -Бүгінгі сабақта қолданатын жұмыс дәптері, сөздік дәптерлеріңіз бар ма?

- Ендеше әнді сүйсең менше сүй –деп Абай атамыз айтқандай бірінші кезекті күйге берсек. 

-   Бұл күйде күмбірлеген қазақ даласы, ат тұяғының дыбысы, тіпті де қазақ көңілі шертіліп тұрған дай. Сол кең даланың әрбір сәтін осы күй арқылы ұғуға болады. Қазақ даласындағы кең пейіл қазақтың  бір күнгі сәтін елестетіп көрейікші. Өз тіршілігінен бір аумық босап, отбасының ортасында өз дастарқанында демалуда. Қазақ дастарқан басында бас қосқанды құрметтеген. Дастарқан басында әзіл – әңгіме айтып, астың сәнін, дәмін келтірген.

- Қазақтың дастарханы туралы.  Слайд көрсетіліп тұрады.  Дастарқан.

Бүгін біз сіздермен қазақ халқының дастарханында кездесетін қазақтың ұлттық тағамдарымен танысамыз.

-  Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

Қазақтың  ұлттық  тағамдары. 1 – слайд.

Қазақ халқы үшін дастарқаннан  үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. 

                                «Ас –адамның арқауы» - деп халқымыз тегін айтпаған.

Мал шаруашылығы қазақтардың тым ерте қалыптасқан ата кәсібі. Мал олардың көлігі, киімі, тамағы. Бір сөзбен айтқанда барлық тіршілігі, малға байланысты болған. Сол малдан алынған өнімдер.



Ет тағамдары:  2 – слайд.

Қазы - қарта, жал- жая.

Шұжық – майлы етті турап, тұздап, бұрыштап ішекке тыққан соғым еті. Шұжық негізінен жылқы етінен жасалады. 3 – слайд.

Қуырдақ – майға қуырған ұсақ ет. 4 – слайд.

Ең негізгі ұлттық тамақ –қазақша ет. 5 – слайд.

 Ең құрметті қонаққа, жасы үлкен қарттарға бас тартылады.



Сүт тағамдары:  6- слайд.

Сүттен қымыз, шұбат, айран, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың бағы бар»-деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген.



Қымыз - қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен жасалады.

Айран- Сүттің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран. 7 – слайд.

Қаймақ- піскен қаймақ, шикі қаймақ, бал қаймақ деген түрлері бар.

Ірімшік- сүтті қайнату арқылы әзірлейді. 8 – слайд.

Құрт-Сабада жиналып пісірілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады. 9 – слайд.

Нан тағамдары:

«Нан бар жерде – жан бар», деп мақалдай отырып, қазақ қауымы астық егуді, оның дәндерінен, жармаларынан, талқандарынан алуан түрлі тағамдар жасау өнерін жақсы меңгерген.



Бауырсақ:   10 – слайд.

Шай дастарқанының басты асы – бауырсақ. «бауырсақ»- сөзі қазақ тілінде –бауырмал, үйірсек, жақыншыл деген мағынаны білдіреді. 



Шелпек нан- көбіне халық құдайы бергенде пісірген. Әр жетінің бейсенбісінде аруақтарға бағыштап шелпек пісіріп, құран оқытады. Әр жайылған дастарханнан кейін асқа бата беріледі. Бата – тілек.  Жас ұрпақтың әдепті, сабырлы, зерделі болып өсуіне арналады. 

Оқулықпен жұмыс.

 Кітабымызды ашып, сөздік дәптерге сөздер жазуға дайындалайық.  

Слайд арқылы әр сөзді оқыту. Қазақша.

Ұлттық дастарқан – национальная кухня

Қазы-қарта, жал-жая – лакомые куски конины

Қаймақ – сметана

Сүзбе – творог

Нан – здесь:  тесто

Бата беру – благославить

Қазақтың қанында – в крови у казахов

Келесі оқушы аудармасын оқиды.

 Өзіндік жұмыс. Сөздікті көшіру.



Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу.

Топпен жұмыс. Мәтін мазмұнын баяндау.

1– тапсырма .

Топқа сөздер жазылған парақ үлестіріледі. Сол бойынша сөйлемдерді толықтыру керек.



Ет тағамдары: ......................

Сүт тағамдары:....................

Ең негізгі ұлттық тамақ-........

Ең құрметті қонаққа ...... тартылады.

2 – тапсырма.

Мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздермен сызық арқылы белгілеу.

Ұлттық                                        ет

Түскі                                           тағам

Сыйлы                                       ас

Бата                                       тілек

Бұқтырылған                            қонақ

3 – тапсырм .    

Топқа тапсырма.   Қазақстан – сөзінен сөз құрау. 2 мин. беріледі.

Қазақ, қаз, ақ, аз, қас, сақ, сан, сат, зат, ата, ана, қан, тас, ас, азат, -15 сөз



4 – тапсырма.

Жеке тапсырма. Командыдан бір-бір оқушы шығады. Карточка бойынша тапсырма орындау.

А. с.    шұжық

І.с.


Б.с.

Т.с.


Ж.с.                 

Ш.с.


К.с.

А. с.    айран

І.с.


Б.с.

Т.с.


Ж.с.                 

Ш.с.


К.с.

5 – тапсырма.   Тестік тапсырма.

Сабақты қорыту.

Рефлексия :

Сонымен сабақты қортындылайық:



  • Ет тағамдарын атаңдар?

  • Сүт тағамдарын атаңдар?

  • Нан тағамдарын атаңдар?

  • Жылқы, сиыр, түйе не береді?

  • Шұжық неден жасалады?

  • Ұлттық тағамдарды ата?

 Үй жұмысы: Диалог құру «Қазақтың ұлттық тағамдары».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет