Оқудан күтілетін нәтиже:
Жаңа ақпарат алу арқылы білімдерін толықтырады;
Тапсырмаларды орындауда ізденушілік, шығармашылық жұмысқа шындалады;
Топтық жұмыстар арқылы оқушылар бір - бірімен тілдесіп, ой бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге ұмтылады;
Сабақтың көрнекілігі: презентация, суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, «Ыбырай өмірі, шығармашылығы, ағартушылық қызметі» тақырыбында бейнежазба mp4.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, баяндау, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, түсіндіру, талдау.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. кезеңі:
1) «Жүректен жүрекке» деп аталатын тренингін өткізу; (Оқушыларды шеңберге тұрғызып қойып, алдын ала жүрек формасындағы стикер қағаздарына жазылған тілектерін бір - біріне тілеп ұсынады).
2). Оқушыларды екі /үш/ топқа бөлу, топ басшысын тағайындау, бағалау парағын ұсыну, топтардың атауларын беру;
Достарыңызбен бөлісу: |