қазіргі кезде маңыздылығы бар ма?
2. Ұлы ұстаз ұсынған оқу-ағарту ісінің мәні неде «Өнер-білім бар жұртта»
Сабақты бекіту. Кластер құру. Инсерт картасы толтырылады. слайд
Білетінмін
|
Мен үшін жаңалық
|
Маған ұнағаны
|
|
|
|
ІV.Сабақты қорытындылау. Қазақ халқының мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ы.Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Торғай өлкесінен екі ұлы ұстаз, қазақтың танымал перзенттері- Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынов шыққан. Олардың оқу - ағарту саласына сіңірген еңбектерін ақын С.Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деген сөзімен бағалауға болады. Ә.Бөкейханның А.Байтұрсыновқа жазған хаттарының бірінде «Сен Алтынсарының баласы туралы жазам деген едің ғой. Ол туралы жаз. Сендер бір-біріңе ұқсайсыңдар. Егер оның заманында болсаң, сен де сол сияқты болар едің. Сенің орныңда Алтынсарының баласы болса, сен істегенді ол да істер еді» деген сөзінен алашорда қайраткерлері ұстаздың ісін бағалағанын аңғару қиын емес. ХХ ғасырдың 30-жылдарында М.Әуезов Ы.Алтынсарин туралы көлемді мақала жазып, «шоқынған қазақ» деген кінәлаушыларға да, жала жабушыларғада соққы беріп, ақтап шықты.
- Балалар сендерге сұрақ: Қазіргі қоғамда Ыбырай Алтынсаринге қандай құрмет көрсетілген?
Оқушылар Ыбырай Алтынсарин атымен аталатын мектептер, жоғары оқу орындары, колледждер, кітапханалар, көшелер, елдімекендер бар.
Үйге тапсырма:
l. Алда Ұстаздар мерекесі. Осы мереке қарсаңыңда бүгінгі сабақпен байланыстыра отырып, «ХХІ ғасырдағы мұғалім келбеті», «Менің сүйікті ұстазым» тақырыптарында ой толғау.
Бағалау: Оқушылардың кері байланыс жасауына арнайы өзін-өзі бағалау парақшасын таратамын. Оқушылар қажетті бағаны бағалау парақшаларына қояды.сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |