Сабақ тақырыбы: Қымыз емдік сусын. Білімділік: Дамытушылық
Дата 11.01.2017 өлшемі 90,77 Kb. #7416 түрі Сабақ
8-сынып ________________
Сабақ тақырыбы:
Қымыз – емдік сусын.
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Тілдесім барысында сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде ұлттық тағамдар туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып аясында себеп- салдар үстеуді меңгерту.
Мәтіндер негізінде оқушылардың тілін дамыту.
Тілдік коммуникация барысында адал асты қадірлеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақтың ұлттық тағамдары жайында айтады, қымыз, дастарқхан мәзірі туралы басқаларға таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақтың қонақ күтуі жайында, қымыздың емдік сусын екендігі туралы қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): сыныптастарымен дастарқан мәзірі туралы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Негізгі түсініктер:
Бие байланады, ағытады, жылқы айдап әкелу , күбі шелек, таба нан, келісімді мерзім, қамыр жаю, қамыр илеу.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты суреттер, альбомдар мен буклеттер, смайликтер.
Оқыту әдістері:
Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі , «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма, жағдаяттық тапсырма, пікірталас, «Кім жүйрік» ойыны, сергіту жаттығуы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психо логиялық ахуал туғызу
«Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында
«Ой шақыру» әдісін пайдаланып , «Дастарқан мәзірі» сөзіне ассоциограмма құрғызады.
Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс.
Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Қымыз-Шипалы сусын!
Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп , қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Айтылым. Жазылым. Оқылым. Оқушылар тақырып бойынша асациация құрады.
Айтылым. Жазылым. Оқылым. Сөздерді аудармасымен сәйкестендіріп жазады, сөздерді тыңдайды, жаттайды.
Б) Айтылым. Жазылым. Суреттер бойынша берілген сут тағамдары жайында ақпарат береді.
Айтылым. Жазылым. Суреттерді сипаттайды, тағамдардың қалай дайындалатынын айтады.
3. Грамматика. Себеп-салдар үстеуді меңгертеді.
Себеп-салдар үстеуді меңгереді.
4. Мәтінмен жұмыс.
А) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқып, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтанады
Тыңдалым. Оқылым . Айтылым. Мәтінді оқиды, мазмұнын айтады.
Б) Оқылым. Мәтинмен жумыс
Оқылым. Айтылым. Жазылым. Мәтіннен қымызды дайындауға, баптауға қатысты сөз тіркестерін тауып оқиды, мәтінге сүйеніп, қадірлі қонаққа тартылатын дәмді атайды, мәтіннен етістіктерді, үстеу түрлерін тауып жазады!
В) Жазылым. Оқылым. Айтылым.
Жазылым. Оқылым. Айтылым. Сөйлемдердің сыңарын сәйкестендіріп жазады, айтады.
Г) Жазылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті үстеу сөздерді тауып жазады.
5. Мәтінсоңы жұмыс.
А)Тілдесім.
Тілдесім. Сауалнама сұрақтарын дайындайды.
Ә) Сыр сандықтағы сөздер.
Сыр сандыққа салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.
6.Сергіту сәті. « Бинго» ойынын ұйымды.
Ойын шарттарын орындайды.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
ІІІ. Ой толғаныс
Оқылым. Жазылым. Айтылым. Тілдесім. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып оқиды. «Қазақтың ұлттық тағамдары» туралы материалдарды табу, хабарлама жасайды, тұсаукесер дайындайды, мәтіннен үстеулерді табады, рөлдік ойын шартын орындайды.
IV. Бекіту
Диалог құрады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
Тақырып бойынша сұрақ – жауаб құрастырады.
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: