Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты



бет4/11
Дата17.02.2017
өлшемі3,13 Mb.
#9648
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Иммунитет (латынша «іmmunіtas» – бір нәрседен құтылу, босау) – қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін салған ғалым – И. И. Мечников. Ағзаны жұқпалы індеттен қорғау тек фагоцитті жасушаларға (лейкоциттер) ғана байланысты емес. Иммунитет – табиғи және жасанды деп 2-ге бөлінеді. Табиғи иммунитет (ағзаның өзінде түзілген) – туа біткен иммунитет. Ата-анасынан беріледі, тұқым қуалайды, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Табиғи иммунитеттің екінші түрі – жүре пайда болған иммунитет. Бұл қандай да болмасын бір аурумен ауырғаннан кейін қалыптасады. Мысалы, жас кезінде қызылшамен ауырған адам енді қайтып ауырмайды. Себебі, қанда қызылшаға тән қарсыдене түзіледі. Қарсыденелер ұзақ сақталатындықтан, ағза бір аурумен қайталап ауырмайды.

Жасанды иммунитетті егу арқылы қалыптастыруға болады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактериялардың әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Ағзада қарсыдене пайда болып, жасанды иммунитет қалыптасады. Ауырған адамдарға тезірек көмектесу үшін құрамында дайын қарсыденесі бар ауру малдың қанының сарысуын егеді. Сарысуды малдың (сиыр, жылқы) қанынан дайындайды. Малдарға мөлшерін біртіндеп көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Малдың қанында қарсыденелер жинақтала бастайды. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалар мен фибриноген нәруызынан бөліп, емдік сарысу алады.

Иммундық жүйе – ағзаның қорғаныш қамалы.

Адам ағзасының микробтарға, түрлі ауруларға қарсы тұруы иммундық жүйе арқылы жүзеге асады. Сондықтан қазіргі кезде иммундық жүйенің атқаратын қызметіне ерекше көңіл бөлінуде. Дүние жүзінде соңғы уақыттарда кеңінен таралған ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) ауру белгісі де иммундық жүйемен байланысты. Бұл ауру көпшілікке СПИД (синдром приобретенного иммунодефицита) деген атпен белгілі.



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет