Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты



бет2/11
Дата17.02.2017
өлшемі3,13 Mb.
#9648
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру




Амандасу, оқушыларды түгендеу және сабаққа дайындық.

ІІ.Өткен сабақты қайталау

Itest.кz және биология 8-сынып, ҮІІ тарау. Ұлпа сұйықтығы. Лимфа, лейкоциттер.Тромбоциттер. Қанның ұюы тақырыбына

А) Конспект. Лейкоцит тақырыбын қайталау. Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі. Лейкоциттер (грекше «leukos» – ақ, «kytos» – жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1 мм3қанында 4–9 мың әртүрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге – нейтрофилдер (45–75%), эозинофилдер (1–5%) және базофилдер (0–1%) жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге – лимфоциттер (18–30%), моноциттер (2–9%) жатады (қосымша бет). Олардың цитоплазмасында түйіршікті түзілістер болмайды. Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2–5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады (бұзылады).





1-сурет. Фагоцитоз құбылысы:

а) тікен қадалғандағы қабыну: 1–бактериялар; 2–тікен; 3– тері (сұрғылттау түспен көрсетілгені – ірің); 4–лейкоцит; 5– қантамыр; 6– жүйке; ә) лейкоциттердің микробтарды жоюы.

 Қызметі. Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді. Лейкоциттер қылтамырлардың (капилляр) қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып, жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегімен олар ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады. Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген атақты физиолог ғалым Илья Ильич Мечников микробтарды ерітетін «обыр жасушаларды» – фагоциттер (грекше «рhagos» – сіңіру, жеп қою), микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуды фагоцитоз деп атады. Зақымданған мүшелердің қантамырлары кеңейіп, лейкоциттер тез енеді, зақымданған жер қызарып, қызуы көтеріледі. Тромбоциттер (грекше «thrombos» – қан ұйығы (сгусток) + «kytos» – жасуша) – қан пластинкасы. Тромбоциттер – сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі. Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2–5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3-де 250–400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7–10 күн. Қанның сарысуы қан ұйығының сығындысы, сарғыш түсті сұйықтық. Құрамы жағынан плазмаға ұқсас, бірақ фибриноген нәруызы болмайды, сондықтан ұйымайды.

Дені сау адамда қанның мөлшері, құрамы, физикалық әрі химиялық қасиеттері тұрақты болады. Қанның мөлшері мен құрамының тұрақты болуы ағзадағы барлық ұлпалардың тіршілігі үшін қажетті жағдай. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы қанайналым, тынысалу, асқорыту және зәршығару жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі. Ішкі ортаның тұрақтылығын әрі жүйке, әрі эндокриндік жүйелер реттеп отырады.



Каталог: upload -> content -> lesson
lesson -> Сабақ тақырыбы Жаңа сөздер Жалпы мақсаты
lesson -> Тажигалиева Замзагул Тілепбергенқызы Мектеп, сынып Орал қаласы, фмб нзм, 12-сынып сабақ тақырыбы М. Әуезов «Қарагөз» драмасы Осы сабақ
lesson -> Сабақ тақырыбы Оқушылардың жолда жүру ережесі
lesson -> Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі
lesson -> Сабақ тақырыбы 7 санының құрамы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет