ІІІ. Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту. Слайд арқылы төмендегі тірек- сөздер көрсетіледі: Қышқыл, қызыл түсті, реакция, қауіпті, металл.
Оқушылар сол сөздерді пайдаланып мәтін құрастырады. ( 5 минут) Мұғалімнің қосымша мәліметі: ( 2 минут) Сірке қышқылы 3000 жыл бұрын пайда болған. «Уксус» сөзі гректің «оксос» сөзінен шыққан, «қышқыл» деген мағынаны білдіреді.
Күкірт қышқылы Х ғасырда пайда болған. Ашқан парсы ғалымы –Абу- бекери-Рези. Күкірт қышқылын купоростардан алғандықтан «купорос майы» деп атаған.
Азот қышқылы ХV ғасырда анықталған. Тұз қышқылын «тұз спирті» деп атаған. Бұл қышқылдарды күкірт қышқылы арқылы алған. Сондықтан күкірт қышқылын «қышқылдар анасы» деп атаған.
Көмір қышқылы ХVІІІ ғасырда Д.Пристли алған. Ол көмір қышқыл газын суда ерітті. Оны «сода суы» деп атады. Пристли осы қышқылды ашқаны үшін алтын медальмен марапатталды.
Осы арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.