Пән:математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометриялық элементтер
|
Мектеп:М.Ғабдулин атындағы №52ЖОМ КММ
|
Күні: 24.08.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні:Кузибай Ұлдана
|
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қисық сызық. Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
1.3.2.1 түзу, тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта/қарапайым жазық геометриялық фигураларды(үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: қисық сызық ұғымымен танысады.
Көптеген оқушылар: тұйықталған пен тұйықталмаған сызықтарды табады.
Кейбір оқушылар: жазық геометриялық фигураларды(үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндейді.
|
Бағалау критерийлері
|
Сызықтың түрлерін (түзу және қисық) табады.
Тұйықталған пен тұйықталмаған сызықтардың айырмашылығын ажырата алады.
Геометриялық фигураларды, сызық түрлерін қағаз бетіне кескіндей алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Сызықтар, фигуралар
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қоршаған ортаны қорғауға,рухани-адамгершілікке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бейнелеу өнері, дүниетану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
АКТ –ны пайдаланып көрсетілген ақпарат негізде, сыни ойлау дағдысы қалыптасады.
|
Бастапқы білім
|
Ертедегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі туралы біледі, түсінеді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
«Сәттілік» шеңбері. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында –бір-бірінің қолдарын ұстап «Бүгінгі күнге сәттілік» деп айтады.
Түрлі-түсті геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөлемін. Топ атауларын сол фигуралармен байланыстырамын.
1 топ – «Дөңгелек»
2 топ – «Үшбұрыш»
3 топ - «Төртбұрыш»
|