Байланысты: 10 сынып Құқық негіздері ҚМЖ 10 сынып ҚГБ
Конституциялық заңдар Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Конституциялық заңды қабылдады. Құжат Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы» есебін тыңдау кезінде айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген болатын. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап судьяның кәсіби қызметін бағалау туралы ереже қолданысқа енгізілген еді. Осыған орай, судьяның кәсіби қызметін кезең-кезеңмен бағалаудың теріс нәтижелері алынған жағдайда оның қызметін қайта бағалауды жүргізбестен лауазымынан босатуды қарастыру қажеттігі туындады. Сондай-ақ, заңда Сот төралқасы судьяны басқа сотқа немесе басқа мамандануға ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда судьяларды конкурс өткізбестен басқа сотқа ауыстыру тәртібі белгіленген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, жаппай декларация тапсыруды енгізу мерзімдерін бір кезеңге – 2020 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру көзделеді. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сайланатын лауазымға үміткерлердің активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету мерзімін 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.