Сабақ тақырыбы Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы



бет35/220
Дата11.05.2022
өлшемі6,23 Mb.
#142695
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   220
Байланысты:
10 сынып Құқық негіздері ҚМЖ 10 сынып ҚГБ

1-топ: Президент
2-топ: Парламент
3-топ: Үкімет
4-топ: Сот
5-топ: Жергілікті басқару органдары
ДЖИГСО стратегиясы бойынша топтық талқылаудан кейін, топ мүшелері басқа топтарға бір делегаттан аттандырып, өзара өз ақпараттарымен алмасады.


Жұптық жұмыс
4-тапсырма: мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.
Дескриптор: оқушы мәтін бойынша конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтап, міндеттерін және ерекшеліктерін сипаттай алады.
Конституциялық Кеңестің актілері.
Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi. Шешімдер қаулы­лар, солардың ішінде нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары қолда­ныс­тағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Конституциялық Кеңес шешiмдердi ал­қа­лы түрде, өз мүшелерiнiң жалпы саны­ның көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де — жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер ше­шiм қабылдау кезiнде Конституциялық Ке­ңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бө­лiн­ген болса, Конституциялық Кеңес Төр­ағасының даусы шешушi дауыс болып та­былады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес­тiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатыс­қан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ. Конституциялық Кеңестiң қоры­тынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы. Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша, егер қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе не болмаса өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы мүмкін. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіп­сіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтас­тығын қамтамасыз ету мүддесінде Конс­ти­туциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің толығымен немесе бір бөлігінде күшін жояды. Конституциялық Кеңес шешімдерінің заңдық күші Конституцияда Конституциялық Кеңес шешімдерінің жалпыға бірдей міндетті заңдық күші бекітіліп, кешіктірмей қолда­нысқа енгізілу тәртібі белгіленген. Конституциялық Кеңес шешімінің түп­кі­ліктігі оның заңдық күшінің ажырамас си­паты болып табылып, қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық іс жүр­гі­зудің қисынды түрде аяқталғанын айғақ­тайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет