Т Мемлекеттік органдар тақырыбында мәтін беріледі. Топтар талқылау барысында мемлекеттік органдарды:
Билік тармақтарына бөлінуі бойынша;
Өкілеттік мерзімі бойынша (тұрақты, уақытша);
Құзыретті жүзеге асыру тәртібі бойынша (алқалық, жалғыз ілікті);
Құзыреттің сипаты бойынша (жалпы құзыретке ие органдар, арнайы құзыретке ие органдарға жіктейді).
Өз жұмыстарын постерде жариялайды. Постерлер тақтаға ілінеді. Әр оқушы постерлерді қарастырып өздері ең толық және дұрыс деп есептеген постерді + белгісімен бағалайды. Ең көп баға алған постерді құрастырған топ жалпы сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды, сұрақтарға жауап береді.
ҚБ Оқушылар бірін-бірі басбармақ арқылы бағалайды және мұғалім ауызша кері байланыс береді