Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер систематикасы туралы түсінік. Өсімдіктер дүниесі. Оның дүние тармақтарына бөлінуі: Дүние тармағы, Бөлімдер, Класстар, Тұқымдастар, Туыстар, Түрлер. Түр өсімдіктер систематикасының негізгі бірлігі



Дата26.08.2017
өлшемі33,02 Kb.
#28503
түріСабақ
Күні:

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер систематикасы туралы түсінік. Өсімдіктер дүниесі. Оның дүние тармақтарына бөлінуі: Дүние тармағы, Бөлімдер, Класстар, Тұқымдастар, Туыстар, Түрлер.Түр — өсімдіктер систематикасының негізгі бірлігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Дамытушылық: Оқушылардың өсімдіктер тіршілігі жөнінде алған

білімді одан әрі жалғастыру.



Тәрбиелік: Оқушылардың өсімдікке деген сүйіспеншілігін арттыру

Қолданылатын әдістер: Сөздік,көрнекілік

Сабақ түрі: жаңа

Көрнекі құралдар: Көрнекі суреттер, қосымша әдебиеттер

Сабақтың жоспары: : I. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Бекіту.

V. Қорытындылау.

VI.Үй тапсырмасын беру.

VII. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі:

Тест тапсырмаларын орындау

Жаңа сабақ кезеңі:

Жабық тұқымдылар немесе Гүлділер бөлімі. Қос жарнақтылар класы. Жабық және жалаңаш тұқымдылардың даму циклындағы ерекшеліктермен, Қос жарнақтылар класының биологиялық ерекшеліктерімен, классификациялаудың негізгі принциптерімен таныстыру; магнолиидтер мен ранункулидтер клас тармақтарының негізгі өкілдерімен таныстыру.


Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

  1. Гүлділердің әртүрлілігі, өсімдік жамылғысындағы ролі.


  2. Гүл құрылысының ерекшеліктері


  3. Қос жарнақтылар класы. Эволюциясының негізгі бағыттары.


  4. Классификациялаудың негізгі принциптері.


  5. Магнолиидтер клас тармағы. Негізгі қатарлар, тұқымдастары, түр өкілдері, филогенетикалық байланыстары, маңызы.


  6. Ранункулидттер класс тармағы. Негізгі қатарлары, тұқымдастары, түр өкілдері.





Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер. Жабық тұқымды өсімдіктердің басты ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы. Спорофиттегі споралар түрі өзгерген өркен – гүлдерде пайда болады. Микроспоралар тозаңқаптағы тозаң ұясында, ал мегаспоралар аналық түйініндегі тұқым бүрінде дамып жетіледі.споралар спорангий ішіндегі гаметофиттерде өсе бастайды. Аталық гаметофит-тозаң – екі клеткадан, ал аналық гаметофит-ұрық қалтасы – сегіз клеткадан тұрады. Жынысты көбеюдің нәтижесінде тұқымбүрінен эндоспермді тұқым, оның хромосомы триплоидты болып келеді. Ал аналық түйіннен және гүлдің басқа бөліктерінен – жеміс пайда болады. Жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік түрлері – ағаш, лианалар, бұталар, шөптесін (көп, екі және бір жылдық) болып бөлінеді. Жабық тұқымдылар екі класқа бөлінеді: дара және қос жарнақты өсімдіктер болып. Гүл, оның шығу тегі. Тозаңдану. Ұрық қалтасының құрылысы. Қосарынан ұрықтану. Жеміс, оның биологиялық маңызы. Жабық тұқымдылардың шығу орны, пайда болған уақыты. Гүлді өсімдіктердің әр алуандығы. Қос жарнақтылар класына жалпы сипаттама. Эволюциясының негізгі бағыттары. Жабық тұқымдылардың классификациясы.

Қосжарнақтылар Белгілі өсімдіктердің жартысынан көбі жабық тұқымдылар бөліміне жатады. Олар тіршілік формаларының, вегетативтік органдарының, гүлдерінің, жеміс және тұқымдарының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың алуан түрлілігін жүйелеу біздің эрамызға дейін ертеректе басталып, осы күнге дейін жалғасып келеді. Қазіргі кездегі өсімдіктер әлемін жүйелеу эволюциялық принциптерге негізделген. Жүйелікті құру барысында тек қана көптеген белгілерінің ұқсастығын ғана емес, эволюциялық шығу тегінің біркелкілігін ескеру қажет, ол эволюциялық даму жолдарына сай болады. Гүлділердің эволюциялық үрдісінің дамуы негізінен келесідей бағытта жүрді. Тіршілік формасы – ағаштардан бұталарға және олар арқылы шөптесінге. Сабақ және жапырақ – бұтақтанбаған сабақтан бұтақтанғанға, трахеидті өткізу жүйесінен түтіктерге және трахеидтерге, жай жапырақтан күрделіге, мәңгіжасылдан жыл сайын жапырақ түсетінге.

Гүл – бір гүлдіден гүл шоғырына, насеком арқылы тозаңданудан желмен тозаңдануға, актиноморфтылықтан зигоморфтылыққа, бурандалы орналасқан гүлден шеңбер, дөңгеленіп орналасуға, олардың шексіз көп санынан аздаған шектеулілікке, гүлдің бос бөліктерінен кірігуге, жоғарғы түціннен төменгіге. Аталған критерийлердің барлығыда жабықтұқымдылардың жүйесіндегі өсімдіктердің орны жайлы айтуға мүмкіндік береді.


Үйге тапсырма кесте толтыру

Оқушыларды бағадлау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет