Сабақтың басы
0-15 мин
0-10 мин
|
Б Сыныпқа экологиялық тақырыптардағы суретттер топтамасын көрсетіп сұрақ қоямыз: Төмендегі суреттер сізде қандай ассоциациялар туғызады?
«Миға шабуыл» әдісімен жалпы сыныпқа сұрақтар қоямыз:
Экологиялық проблемаларды реттеу үшін, арнайы экологиялық құқық саласы қажет пе?
Экологиялық құқықтың пайда болу себебі неде?
Қандай экологиялық мәселелер бар және олар заң аясында қалай шешіледі?
Оқушылардың жауаптары жүйеленеді. Оқушылар тақырып бойынша өздерінде экологиялық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды жариялайды. Сұрақтар тақтаға жазылады.
ҚБ Оқушылар жауабын мұқият тыңдап «жақсы», «өте жақсы», «жарайсың» деп ауызша бағалап отырамыз.
М Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырамыз. Оқушыларға бүгінгі сабақтың қандай оқу дағдылары мен оқу мақсаттары болатыны туралы пікірін сұраймыз. Бағдарлама бойынша қарастырылатын оқу дағдылары, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырамыз.
Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады
|
online.zakon.kz
adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі - "Әділет" АҚЖ
А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин. «Құқықтану».–Алматы: Мектеп, 2006 жыл .
|