Сабақтың
басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың
соңы
|
Қызығушылықтарын ояту. Оқушыларға ой түрткі жасау, ой қозғау және шығармашылық идеяларға қарай бағыттау.Өткен сыныптағы және алдыңғы тақырыпты естеріне түсіру. Ол үшін бірнеше сұрақтар беру:
-Қылмыс дегеніміз не?
-Қылмыс жасағандарға не тағайындалады?
- Қылмыстың құрамы дегеніміз нелерден тұрады?
-Көрген,оқыған,естіген қандай оқиғаларды қылмысқа қатысы бар категорияға жатқызасыңдар?
- Қылмыстың қандай белгілері бар?
- Мысал келтіріп дәлелдеп көріңдер.
- Оның қоғамға қандай зияны болып тұр? т.б.
Жетекші сұрақтар арқылы толықтырылып болған соң бүгінгі өтетін тақырып пен оқу мақсаттары таныстырылады.
Оқушыларға бүгінгі сабақта бірнеше жағдаяттың талданатынын түсіндіру.
Мағынаны ашу.
(О/Б).Оқушыларға тақырыпқа қатысты бірнеше жағдаят оқуға беріледі.Диалогтік әдісті қолдану арқылы қажетінше жетекші сұрақтар қойылады.
Бағалау дескрипторын беру.
Бағалау дескрипторы
1
|
Құқықтық терминдерді дұрыс қолданды.
|
2
|
Позициясын түсіндірді.
|
3
|
Мысал келтірді.
|
4
|
Қорытынды жасады.
|
(Топтарда жұмыс жасауғада болады.Онда ДЖИКСО –әдісін пайдаланған тиімді)
Тапсырма:\
1 – жағдаят.
Бір топ киноактерлер тауда көркем фильм түсіріп жатады. Көріністерде қолданылатын мылтықтары бытырасыз оқтармен жарақтанған, тек қана дыбыс береді. Үзіліс уақытында Төреханов Әшімовты үгіттейді. Оның жоспары бойынша «екеуміз Едіресовты тоғайға алып кетіп, ағашқа байлап, өтірік қорқытып, бытырасыз дыбыс мылтықпен атып қорқытайық», дейді. Осы жоспар бойынша олар Едіресовты «қорқытады» да Төреханов Әшімовке «ат» деп мылтық береді, бірақ оған әдейі бытырасыз емес, нағыз оқ салып қояды. Одан қаперсіз Әшімов шүріппені басып қалады. Нәтижесінде – Едіресов ауыр жарақат алады.
Осы оқиғадағы қылмыс белгісі қайдан көрініп тұр?
Қылмыс жасаудың қай сатысы бар?
Қылмыстың қай түріне жатады?
Қылмыстың құрамын анықтаңдар?
2 – жағдаят.
Бір адамның әйелі қатты ауырып қалады. Егер дәрі табылмаса, әйелі екі күннен кейін қайтыс болатындығы белгілі болады. Дәрі ешбір жерден табылмайды. Сол кезде күйеуі әйелінің ауруын емдейтін дәрі бір дәрігердің үйінде бар екенін естиді. Күйеуі дәрігерге барса, дәрігер оған мұндай дәрінің бір данасы (штук) қалғанын айтады. Егер дәрі керек болса 200 мың теңгеге сататындығын айтады. Күйеуі оларда оңдай ақша жоқ екендігін, ал дәрі екі күннің ішінде керек екендігін түсіндіреді. Бірақ, дәрігер оған келіспейді. Кешкісінде дәрігер түнгі ауысымға жұмысқа кетіп, ертеңінде үйіне келеді. Үйіне келсе, үйдің шашылып жатқандығын және дәрінің ұрлап кеткендігін анықтайды. Көршілері де үйіне бір бөтен адамның келгендігін көрген. Дәрігер бірден әлгі адамды сотқа береді.
Осы жағдаятқа байланысты бірнеше сұрақ қойылады. Атап айтқанда, олар:
- Қылмыстың қандай белгілері бар?
- Әрекеттілік пе әрекетсіздік пе?
-Бұлқылмыстың қай түріне жатады?
- Кім кінәлі?
- Қылмыстың құрамын анықтаңдар?
Басты назарды барлық оқушы қатысқанға және бір-бірін толықтырғанға аудару. Қажет болған жағдайда жетекші сұрақтар қою арқылы құқықтық білімдерін күнделікті өмірде қолдана алтындай дағды қалыптастыру.
Ауызша бірнеше оқушыға сұрақтар қою арқылы толықтыртып түсінгендеріне көз жеткізу.
|