Сабақ тақырыбы: Қызым жағадағы құндызым Мектеп: Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия


«Қызықты мақала»/оқылым/тілдік бағдар жұмысы (топтық жұмыс)



бет4/6
Дата27.07.2020
өлшемі0,82 Mb.
#75652
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8и ашық сабақ Өскенбаева Г.

«Қызықты мақала»/оқылым/тілдік бағдар жұмысы (топтық жұмыс)

1-топ: мақаласы:

Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қазақ қызы ізетті, ұялшақ болып келеді. Қыздың бойында үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-6991

2-топ мақаласы:

Қазақ халқы «Қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы – ұлттың ұлылығын танытады» - деп есептеген. Ізетті, сыпайы, мейірімді әрі өнерлі болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркіне жібермеген, «қызға қырық үйден тыю» деп, оның әр басқан қадамын бақылап отырған. Қызды жалғыз жібермеген, оның жанында жеңгесі қоса жүрген. («Айқын» газетінен)

3-топ мақаласы:

Әсіресе қыз баланың көрікті, сымбатты болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп, қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», т.б. https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-6991
БО: қосымша ақпараттан негізгі сөйлемді тауып, 3 сөйлем жазу

ББ: күшейткіш үстеулер жасауға қатысатын сөздерді тауып жазып алу, сөйлем құрастыру

КО: мақаладан қызықты ақпаратты тұжырымдау, мәтінмен байланыстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет