|
Сабақ Тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу және азайту.
|
Дата | 13.02.2017 | өлшемі | 10,46 Kb. | | #9112 |
| - Тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу және азайту. (есептер шығару)
- Пән мұғалімі: Жақыпова Б.Ж.
- а) Жай бөлшектерді қосу, азайту ережелерін пайдаланып бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қоса, азайта алуын қалыптастыру.
- ә) Оқушылардың шығармашылық және ойлау іс-әрекеттерін дамыту, өз ойын дәл әрі нақты жеткізуге үйрету, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- б) Оқушыларды математикалық сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- - Ұйымдастыру бөлімі.
- - Үй тапсырмасын тексеру.
- - «Ой қозғау» қайталау сұрақтары.
- - «Ойды іске асыру» оқулықпен жұмыс.
- - Біліміңді тексер. Тест жұмысы (жеке жұмыс).
- - Сергіту сәті.
- - Семантикалық картамен жұмыс.
- - Қорытынды, бағалау.
- - Үйге тапсырма.
- І топ “Дұрыс бөлшек”
- ІІ топ “Бұрыс бөлшек”
- ІІІ топ ”Аралас сан”
- Үй тапсырмасын тексеру
- (есептің жауаптарын тақтадан көрсете отырып, дәптерлерін көршілері тексеріп бағалайды).
- Ой қозғау
- /ортақ жеке жұмыс/
- Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?
-
- Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады?
- Жай бөлшектің түрлері қалай аталады?
- Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиетін ата.
- Жауаптары:
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
- мұндағы а˃в немесе а=в.
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін:
- - Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек.
- - Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек.
- Жай бөлшектің екі түрі бар: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек.
- Жауаптары:
- Жай бөлшектерді салыстыру:
- - Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен (кіші) болса, сол бөлшек үлкен (кіші).
- - Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кіші (үлкен) болса, сол бөлшек үлкен (кіші).
- - Бөлімдері әр түрлі болса, бөлімінің ең кіші ортақ бөлімін тауып алып салыстырамыз.
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.
«Ойды іске асыру». Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар - №981.Бөлшектерді қосуды орындаңдар.
- Ереже:
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
- Ереже:
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
- Ереже:
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу (азайту) үшін:
- 1- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
- 2- бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) керек.
«Ойды іске асыру». Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар - №981.Бөлшектерді қосуды орындаңдар. (Жауабы)
- №991. Теңдеуді шешіңдер. (жауабы)
№994. Бөлімдері өзара жай сандарға тең болатын бөлшектердің қосындысын табыңдар: №994. Бөлімдері өзара жай сандарға тең болатын бөлшектердің қосындысын табыңдар. (Жауабы) Тест жауаптары 7-Бөлім. Семантикалық картамен жұмыс. - Үйге тапсырма:
- №№984,985,986
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|