Түсіндіру.
Оқушылар күнделікті тұрмыстан жарық құбылыстарына мысалдар келтіреді.
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07c-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_1.swf
Жарық құбылыстарына мысалдар
Мұғалім жарық көздеріне мысалдар көрсетеді
Жарық көздері
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07c-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_1.swf
Оқушылар жарық көздерінің табиғи және жасанды болатынын түсінулері тиіс. Жасанды жарық көздерінің түрлерін ажырата алуы тиіс.
Ары қарай оқушылар жарықтың түзу сызықты таралу заңын бақылайды
Жарықтың түзу сызықты таралу заӊын Евклид (б.э.д 325-265 ж.) тапқан.
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_2.swf
Көлеӊкеніӊ пайда болуы жарықтыӊ түзу сызықты таралуыныӊ дәлелі болып табылатынын оқушылар түсінулері тиіс. Жеке жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Сәйкестендіріңіз:
1. Көлеӊке
|
А) Жарық сәулесі жетіп бармайтын аймақ
|
2. Күнніӊ тұтылуы
|
B) Ай Жердіӊ көлеӊкесінде қалу құбылысы
|
3. Дербес жарық көздері
|
C) Ай Күн мен Жердіӊ ортасында орналасқан кезінде Айдыӊ көлеӊкесініӊ Жерге түсу құбылысы
|
4. Айдыӊ тұтылуы
|
D) Отын, электр шамының қылы, қызған металл кесегі, найзағай
|
5. Жарық сәулесі
|
E) Аспан күмбезі, мұхит, теңіз, көл, өзен суларының беті, өсімдік, қар, бұлт жамылғыларының беті
|
6. Шағылған жарық көздері
|
F) Жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық
|
7. Жарық көздері
|
G) Жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі
|
8. Оптика
|
H) Өзінен жарық шығаратын денелер
|
Бос орындарды толтырыңыз:
Оптика – ... құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі.
Жарық - бұл ... 7,5·1014 Гц – 4·1014 Гц (толқын ұзындығы ≈400 нм - ≈760 нм) интервалдағы адамда көру сезімін пайда ететін ................... толқындар.
Өзінен ... шығаратын денелер жарық көздері деп аталады.
Жарық көздері екіге бөлінеді: ....... және .......... жарық көздері.
Жарық сәулесі – .......... энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық.
Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей ........ көздері.
Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада ............. бойымен таралады.
Көлеӊкенің пайда болуы
Көлеӊке – жарық сәулесі жетіп бармайтын аймақ.
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_2.swf
Жарты көлеӊкеніӊ пайда болуы
Егер нәрсеге нүктелік емес жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда көлеӊке және жарты көлеӊке пайда болады.
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_2.swf
Күнніӊ және Айдыӊ тұтылуы
(D) http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_2.swf
Оқушылар мынадай қорытындыға келуі тиіс:
Күнніӊ тұтылуы: Ай Күнмен Жердіӊ ортасында орналасқан кезінде Айдыӊ көлеӊкесініӊ Жерге түсу құбылысы.
Айдыӊ тұтылуы: Ай Жердіӊ көлеӊкесінде қалу құбылысы.
Мүғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң оларға кері байланыс жасай отырып теориялық материалға толықтырулар енгізеді.
Сабақты бекіту. Оқушылар теориялық материалды меңгергендіктерін тексеру үшін тапсырмалар орындайды. Мұғалім тапсырманың жауаптарын айтады, ал оқушылар өзін өзі тексереді.
|