Сабақ тақырыбы Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы Cабақтың түрі Бекіту сабағы



Дата07.02.2022
өлшемі227,01 Kb.
#83163
түріСабақ
Байланысты:
Алгебра 8сынып Статистика элементтері Жиілік алқабы,жиілік гистограммасы №3 сабақ әзірлемесі (1)
Форма заявлений Aпелляция, киял, 1 Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару 2, ОН 1.2 лекция №10

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Статистика элементтері

Мектеп: Момынай жалпы орта мектебі

Күні: 6.03.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні:Алиева Г.А.

Сынып: 8 Пәні: Алгебра

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Интервалдық кестедегі деректер бойынша гистограмманы салады және гистограмма бойынша интервалдық кестені толтырады.




Бағалау критерийлері

Оқушы




Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды;

  • таңдаманың жиіліктердің интервалдық кестесі және гистограмма түрінде берілуін тұжырымдайды;

  • гистограмманы құру алгоритмін айтады.

Пәнге қатысты лексика және терминология:
Жиілік; жиілік тығыздығы, жиіліктердің интервалдық кестесі; интервал ұзындығы; модалық класс.



Құндылықтарды дарыту



Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Сабақта қарастырылатын мысалдардағы/тапсырмалардағы ақпараттар әртүрлі салалардан алынған, мысалы, биология, экономика т.с.с.

Бастапқы білім



Оқушылар гистограмма және интервалдық кесте ұғымдарымен таныс. Интервалдық кесте көмегімен гистограмманы салуды үйренген.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.



  1. Қайталау.

Мұғалім оқушылардың бұрынғы білімдерін белсендендіру мақсатында келесідей сұрақтарды қояды:
- Гистограмма дегеніміз не?
- Жиілік етіп гистограммада нені аламыз?
- Жиілік тығыздығы дегеніміз не?
- Қандай жағдайларда гистограмманы жиілік тығыздығын қолданбай салуға болады? Қандай жағдайларда болмайды?
Енді оқушылардың жалпы түсініктерін тексеру мақсатында келесі тапсырманы ұсыныңыз:


Тапсырма: Орманды алқапта 59 қайын бар. Олардың биіктіктері жақын метрге дейін жуықталып, кестеге толтырылған:

Биіктік (м)

5-9

10-12

13-15

16-18

19-28

Қайын саны

14

18

15

4

8

(а) Оқушы гистограмманы салды:

Оқушының гистограмманы салуында қателерді табыңыз?
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға уақыт беріледі. Бұл сызылған гистограмманың әрбір қателері бүкіл сыныппен талданады. Жалпы бұл гистограмманы салуда 3 қате бар, олар:
1-қате: бағандар арасы бос болмауы тиіс;
2-қате: интервалдар шекаралары дұрыс анықталмаған, дұрысы: [4,5; 9,5) , [9,5;12,5), [12,5;15,5), [15,5;18,5), [18,5;28,5), өйткені қайын биіктігі үзіліссіз шама, ол 5-9м болса, ол жуықтаумен алынғандықтан [4,5;9,5) болады.
3-қате: Бұл интервалдық қатар және осы қатар интервалдары әр түрлі болғандықтан ортината осі жиіліктермен емес, жиілік тығыздығы болуы тиіс.



Презентация





Сабақтың ортасы


  1. Гистограмма арқылы кесте құру және керісінше.

Мұғалім оқушыларды 3-4-тен топқа біріктіріп, естеріңе алдыңғы сабақтарда интервалдық кесте мен гистограмма жайлы оқығандарын түсіреді. Интервалдық кестемен берілген ақпаратты гистограмма түрінде ұсынуды өтілген. Бірақ кей жағдайларда гистограмма бойынша интервалдық кестені толтыру да керек болатындығын айтады.
Мынадай Мысал 1 қарастырылады:
Гистограммада сенбі күні дүкенде сатылған кітаптар жайлы ақпарат берілген: Гистограмманы қолданып, кестені толтырыңыз:



Бағасы (мың теңгемен)

Жиілігі

0 < P  5




5 < P  10




10 < P  20




20 < P  40




Шешімі: Жиілік – тіктөртбұрыштарды аудандары, сондықтан оның ұзындығы мен биіктігі көбейтіледі, мысалы 1-ші баған ауданы (жиілігі) 8*5=40.

Бағасы (мың теңгемен)

Жиілігі

0 < P  5

40

5 < P  10

60

10 < P  20

56

20 < P  40

32

Оқушыларға топта қарастыруға келесі мысал ұсынылады:




Мысал 2.
Толық сызылмаған гистограмма мен кесте әртүрлі көліктердің салмақтарын көрсетеді.

Салмақ (w) кг

Жиілік



16













14








4
а) Гистограммадағы ақпаратты қолданып, кестені толықтырыңыз.

b ) Кестедегі ақпаратты қолданып, гистограмманы толықтырып салыңыз.


Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды кесте де, гистограммада да берілген аралықтан бастау керек екендігін айтып өту керек. Мысалы, берілген мысалда аралығы бойынша ақпарат кестеде де, гистограммада да бар. Жиілік – 16, ұзындық – 1000, ендеше жиілік тығыздығы 16/1000=0,016. Баған биіктігі 0,016-ға тең екендігі анықталғаннан кейін, жиілік тығыздығы осінің масштабын анықтауға болады. 0,016 – ол вертикаль тұрған 40 клеткаға тең, яғни бір вертикаль клетка 0,0004. Сонда келесі бағанның биіктігі 50 клетка болса, онда оның жиілік тығыздығы 0,0004*50=0,02. Ал жиілігі 0,02*1000=20, т.с.с.




4. Бекіту.
Мұғалім оқушыларға жұпта тапсырмаларды орындауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.
Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

1 тапсырманың Бағалау критерийлері


Оқушы:

  • Жиілік тығыздығын есептейді;

  • Гистограмманы толықтырып дұрыс салады;

  • Гистограмма бағандарының аудандарын есептейді;

2 тапсырманың Бағалау критерийлері
Оқушы:

  • Жиілік тығыздығын есептеу үшін теңдеу құрастырады;

  • Жиілік тығыздығы осінің масштабын есептейді;

  • Бағандардың аудандарын есептейді;

  • Жиілікті есептейді.

3 тапсырманың Бағалау критерийлері


Оқушы:

  • Интервалдық кестемен берілген деректің орташа мәнін есептейді;

  • Аралықтардың жиілік тығыздықтарын есептейді;

  • Гистограмманы салады.

4 тапсырманың Бағалау критерийлері


Оқушы:

  • Кесте мен гистограммада берілген аралық бойынша жиілік тығыздығы осінің масштабын есептейді;

  • Кесте бойынша гистограмманы толықтырып салады;

  • Гистограмма бойынша кестені толтырады.

5 тапсырманың Бағалау критерийлері


Оқушы:

  • Әрбір аралықтың жиілік тығыздығын есептейді;

  • Гистограмманы толықтырып салады;

  • Медиана тиісті аралықты табады;

  • Интервалдық кестемен берілген деректің орташа мәнін есептейді.



Сабақтың соңы
39-40 мин

  1. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:
• Бүгін мен білдім …
• Маған қызықты болды …
• Маған қиын болды …
• Мен ... тапсырмаларын орындадым.
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.



Стикерлер



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.
Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.
Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.



Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.
Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет