1- тапсырма
Дәстүрлі және қазіргі педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту әдістемесінің заңдылықтарын ашу мен жасау аясында білім беру мазмүнын оқу пәндері бойынша білім алушыларды үйретуге бағытталған дәстүрлі және қазіргі оқыту әдістемесінің жоспарлы мазмұнын пән мұғалімдерінің тәжірибесіне үздіксіз жетілдіріліп ұсынуда. Соның бір үлгісі, жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту әдістемесі – қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспары) болып табылады.
Міне, біздің зерттеу жұмысымыз осы қысқа мерзімді жоспарда анықталған тұжырымдамалық және әдістемелік бөлім элементтерінің қисынды, бірізді, жүйелі және пән мұғалімдеріне қолайлы, тиімді түзілуіне әдіснамалық талдау жасап көдік.
Жаңартылған білім беру мазмұнын үйретуге бағытталған қысқа мерзімді жоспардың тұжырымдамалық бөліміндегі жетекші құрылымдық элемент – мақсат болып отыр. Бұл үлгідегі сабақ жоспарында мақсаттың дараланып, күрделеніп білім алушылардың түрлі танымдық қасиеттерін қалыптастыра дамытуға бағытталғаны байқалады. Қысқа мерзімді жоспарда, енді, төрт мақсат анықталып отыр. Бірінші оқыту мақсаты (ұзақ немесе орта мерзімді жоспарда көзделген), сабақ мақсаты (мұғалімнің өзі оқыту мақсаты аясында құруы тиіс), тілдік мақсаттар және құндылықтарға баулу[1]. Соңғы мақсат – ол дәстүрлі тәрбиелілік мақсат деп қабылдауға болады. Тілдік мақсатты біз пән сабақтарында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуды көздейді.
Сабақ тақырыбы: Жиындар арасындағы қатынастар. Ішкі жиын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
5.4.1.4
Ішкі жиын ұғымын меңгеру;
5.4.1.5
жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтау (қиылысатын және қиылыспайтын жиындар);
Сабақ мақсаттары: Жиындар арасындағы қатынастарды сипаттамасын анықтайды және ішкі жиын туралы біледі.
Құндылықтарды дарыту: Сабақта меңгерілген білімді жеке жұмыс орындау кезінде математикалық тілді дұрыс әрі нақты қолдана алу, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Келесі сабақтың құрылымдық элемент – бағалау критериясы. Педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінде бағалау критериясы жаңа категория болып табылмайды. Дәстүрлі педагогикалық зерттеулер мен мұғалімнің әдістемелік тәжірибесінде білім алушылардың оқу материалын меңгеруге бағытталған нәтиже деңгейлерін анықтап келген. Онда, бірақ басты бағалау критериясы ретінде оқушылардың білімі мен іскерлік, шығармашылық қабілет деңгейлері болып табылды. Қысқа мерзімді жоспардағы анықталған бағалау критериясында, енді білім алушылардың танымдық дағдыларында өлшеу қажет етеді. Осыған байланысты пән мұғалімдері тақырып бойынша дамытатын танымдық дағдыларын әрбір сабаққа қажетті бақылау сұрақтары мен тапсырмалардың көмегімен анықтау қажет етеді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары жаңа әдіс-тәсілдермен жетеленеді. Оған дерек бола алатын жеке құрылатын қалаптастырушы бағалаудың тапсырмасы болып табылады. Олай болса, бағалау критериясын қысқа мерзімнің құрылымдық элементі ретінде түзбей, оны қалыптастырушы бағалау тапсырмасының құрылымында қолданған орынды. Өйткені, сабақ мақсатының нәтижелі болуы мен білім алушылардың танымдық деңгейлерін анықтау қалыптастырушы бағалау тапсырмаларымен орындалады. Сондықтан, бағалау критериясын қысқа мерзімді жоспарда да, қалыптастырушы бағалау тапсырмасында да қайталау орынсыз.
Бағалау критерийлері: Оқушылар мақсатқа жетті, егер:
Жаңа сабақ (топтық жұмыс )
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа жеке тапсырма беремін. Әр топ тапсырмаларды орындау барысында жаңа сабақ мағынасын ашуға жетекші сұрақтар қою.
Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ » әдісі
«Бірін-бірі оқыту» әдісі бойынша топтық жұмыс (топпен талқылап, постер арқылы қорғайды). Әр топ тақырып бойынша тостер дайындайды
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі
Сабақтың соңында, білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекет аясында меңгерген білім көздері мен танымдық дағдыларының қалыптасуы мен дамуына тән бағалау, өзін-өзі бағалау, түзетулер мен оқу материалын жүйелеу және қорытындылаумен аяқталатыны байқалады.
Кері байланыс
Жеке жұмысты тексеру арқылы оқушыларға кері байланыс беру және бағалау. Бағалау қалыптастырушы бағалаудағы жетістік критреийі бойынша бағаланады. Кері байланыс жеке оқушыларға ауызша түрде беріледі.
Рефлекция ( бүгінгі сабақты қаншалықты өзіне сенімді түрде түсінгенін тақтада тұрған екі парақшаның біреуіне аты жазылған карточкаларды ілуі керек)
Сенімсізбін???
Сенімдімін!!!
Қорыта айтқанда, қысқа мерзімді жоспардың тұжырымдамалық бойынша анықталған құрылымдық элементтер дәстүрлі сабақ жоспарының мазмұнымен ұқсас анықталып, оның өміршеңдігіне лайықты болып табылады. Осы жоспарда көзделген оқыту мақсаты, сабақ мақсаты, тілдік мақсаттар және құндылықтарға баулу мақсаттарын бір мақсат шеңберінде ықшамдау ұсынылады. Қысқа мерзімді жоспарда көзделген бағалау критериясын қалыптастырушы бағалау тапсырмасында орындалуы орынды. Сабақтың барысы мен оның әдістемелік мазмұны біршама қисынды анықталғаны байқалады.
2- тапсырма
№1
|