Ашық сабақ
Жиын. Жиын және оның элементтері
Сабақтың мақсаты.
Жиын мен оның элементтері ұғымын енгізу, жиын элементтерінің саны бойынша жиындарды салыстыруға және топтауға бөлуді үйрету
Жиынға енетін элементтерді анықтауға, бірдей жиындар түсінігін бекіту және оқушыларға жиын элементтерінің ортақ белгілерімен қасиеттерін түсіндіру.
Берілген қасиеттер бойынша жиын элементтерін бөліп алуды үйрету, жиындарды салыстыру амалдарын орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Әдістемелік нұсқаулар.
Жиын деген ұғым математика мен информатика саласының маңызды түсінігі болып табылады. Жиын элементтерден құралады.
Жиын туралы формальды талдау жүргізу үшін бізге мынадай үш шарт көмектеседі:
Жиын элементтері саналуы бойынан реттеліп берілуі мүмкін.
Жиын элементтері әр түрлі болуы мүмкін
Жиын элементтерінің қатарында мән болмайды
Мысалы, «1,2,А,В» және «В,А,2,1» жиындары тең
Мұғалімге арналған мазмұндық бөлім.
Жиын және оның элементтері
Балалар, сендердің сөмкелеріңде не бар екенін көрейік? Онда оқуға қажетті құралдар жиынтығы бар. Аттарын атаңдар. Дәптер, кітап, қалам, қарындаш – бұл элементтер оқуға қажетті құралдар жиыны. Жиынға тағы да басқа мысалдар келтіруге болады Орман – бұл ағаштар жиыны. Кітапхана – бұл кітаптар жиыны.
Жиындарды салсытыру
Жиындар бір – бірімен элементтерінің саны бойынша салыстырылатындықтан, бірдей жиындар ұғымын анықтап алу қажет. Егер жиын элементтерінің саны бірдей болса, онда жиындар бірдей деп аталады. Мұнда «үлкен», «кіші» және «тең» ұғымдары қайталанады. Мысалы, бір қызда бір құшақ гүл болса, ал келесі қызда бірнеше ғана гүл.
Жиын және оларды топтау
Топтау – бұл ортақ белгілері бойынша жиын элементтерін, олардың әрекеттерін, заттарды бөліп алу. Топ – бұл жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін немесе белгілерін анықтай білу. Мысалы, Қандай жануарларды білесіңдер және оларды қандай топқа бөлуге болады. Құстарды екі топқа бөлуге болады ұшатын және жүзетін. Ұшатынға – бүркіт, қарға және бұлбұл, ал жұзетінге Аққу, қаз және үйрек.
Тапсырмалар:
Жиын элементтері
1 топ
Нысандар жиынын бір сөзбен ата. (Мектептің оқу құралдары, гүлдер)
Жиындарды жаз.
Әріптер............................................................ Жауабы: (А,Б,В,Г,Д)
Сандар .............................................................Жауабы: (10, 25,100,90)
Цифрлар ..........................................................Жауабы: (1,3,5,6,7)
Менің отбасым» жиынына кімдер кіреді? Жауабы: (Мен, анам, әкем, ағам, әпкем)
Ана, әпке, әке, көрші, аға, мен, дос
4. Қызыл түспен аңдар жиынын (тиін, мысық, балапан, кірпі), көк түспен ағаштар жиынын (шырша, қайың, емен) жасыл түспен тікенек заттар жиынын (шеге) белгіле.
(тиін, мысық, балапан,)
( қайың, емен)
(шеге)
(кірпі)
(шырша)
2 топ
1. Нысандар жиынын бір сөзбен ата. (Ойыншықтар, жемістер)
2. Бұл жиындар қалай аталады? Жауабы: (Цифрлар, әріптер, сандар)
(1,2,5,0,7,9)
(А,Б,В,Л,Д,Ж)
(10,15,5,100,1)
3. Менің отбасым» жиынына кімдер кіреді? Жауабы:(Мен, анам, әкем, ағам, әпкем)
Ана, әпке, әке, көрші, аға, мен, дос
4. Қызыл түспен аңдар жиынын (тиін, мысық, балапан, кірпі), көк түспен ағаштар жиынын (шырша, қайың, емен) жасыл түспен тікенек заттар жиынын (шеге) белгіле.
Достарыңызбен бөлісу: |