Мерзімі: 24.02.2015ж Алгебра 7 «а»сынып
|
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтері
|
Сабақтың мақсаты: Шеңбер және оның элементтері тақырыбы бойынша жаңа ұғымдармен таныстыру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикалық тіл байлығын дамыту.
Оқушыларды өз бетімен білім алуға тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже: Шеңбер және оның элементтері тақырыбы бойынша жаңа ұғымдармен танысады.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артады, математикалық тіл байлығын дамиды.
Оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыланады.
|
Тапсырмалар « Джиксо» әдісітоптық жұмыс, «Ыстық орындық» әдісі,
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі:
(3мин)
|
Оқушылармен сәлемдесемін,түгелдеймін Шаттық шеңбер арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып ,оқушыларды Елбасамыздың «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінің шумақтары
бойынша топтарға бөлемін.
|
Оқушылар сәлемдеседі.
Оқушылар топқа бөлінеді.Шумақтағы ерекше жазылған сөзді пайдаланып өз топтарының ұранын құрады.
Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.
|
Қызығушылықты ояту
(5мин)
|
Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау үшін сөзжұмбақты шешкізіп, жаңа тақырыптың атауы шығартамын.
|
Оқушылар өткен сабақты пысықтау үшін топтар сөзжұмбақ шешеді.
|
Негізгі бөлім
Мағынаны ажырату
(20мин)
|
Жаңа тақырыпты «Джиксо» әдісі арқылы постер қорғатамын.
Топ мүшелері 4 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен таныстырамын.
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың хатшысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Берілген тапсырманы оқушылар топпен талқылап, плакатқа жазылған анықтамалар бойынша қорғайды. Топ хатшысы бағалайды.
|
Сергіту сәті (2мин)
|
Сергіту сәті
|
|
Ой толғаныс (6мин)
|
Оқулықпен жұмыс.(топпен жұмыс)
Есептер шығарту
|
Оқушылар тапсырмаларды орындап, критерий арқылы топ хатшысы топ мүшелерін бағалайды.
|
Қорытынды
(5мин)
|
«Математикалық диктант» жазғыза отырып, сабақты қортындылаймын.
|
Оқушылар есептің номері бойынша алдымен өз топтарында талдайды, кейіннен әр номер бойынша топтасып, кеңесіп, жауабын тақтаға жазады.
|
Бағалау (2мин)
|
Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын критерий бойынша бағалайды. Оқушыларға жиынтық бағасы қойылады.
|
Рефлекция
(2мин)
|
Кері байланыс. Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
|
Келесі тапсырма беру
|
келесі тапсырма беремін.№209
|
Тапсырмаларды жазып алады.
|
Сөзжұмбақты шешкенде біздің жаңа тақырыбымыздың атауы шығады.
О нүктесі – шеңбердің центрі, АО – радиусы.
Белгіленуі: R немесе r.