Сабақ Тақырыбы: Жылқының түр-түсі, белгілері мен ен-таңбалары



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі44,79 Kb.
#92742
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 зертханалык жылқы

7 Слайд
Жылқының түр-түсіне байланысты қолданылатын атаулар
Жылқы малы — үй жануарларының ішіндегі ең көріктісі және әдемісі. Оның сырт тұлғасы мен түр-түсін сұлу әйелдің сымбатына балау халық дәстүріне жатады. Демек, кекілінің, жал-құйрығының бітімін, түгінің түр-ажарын жақсы жылқылар сұлу әйелдің сымбаты мен сипатынан алуға тиic екен.
Жылқының түр-түстерін сөз етуге байланысты ескеретін тағы бір жағдай, оның түр-түсі жасына байланысты өзгеріп, құбылып отыратындағында. Жылқының құлын, тай кезіңцегі түр-түстері құнан, дөнен шықкаңда, бесті болғанда өзгеріп кетуі ыктимал. Мәселен, көк тай өсе келе боз дөнен болуы мүмкін және т.с.с. Сондықтан түр-түстердін жылқылардың жасына да қатысы бар екен.
Қазақ дәстүрінде жылқы малының түр-түсін үш топқа бөліп қарау керек. Олар: қылаң, баран және ала түстер. Мәселен, қылаңға ақ боз, боз, бурыл, көк бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құла кер, нар қызыл, қызыл, сары қызыл түстерді, баранға — торы, қара көк, қара сұр, қоңыр, жирен, күрең түстерді, ал алаға — сары ала, сұр ала, көк ала, кер ала, қара ала, қоңыр ала, күрең ала, және т.б. жатқызылады. Осы түстердің бәрінен ерекше және сирек кездесетін түр - шұбар. Ол да өз ретімен боз шұбар, көк шұбар, қара шұбар, және т. б. болып өзгереді.
Сонымен жылқы малының түр-түстерінің мағына және тұлға жағына қарап, бір сөзден тұратын жалан атаулар және екі, үш не одан да көп сөзден тұратын күрделі атаулар деп үлкен екі топка жіктеуге болады.
Жалаң атаулардың да, күрделі атаулардың да анықтайтыны жалпы жылқылардың түстері болғандықтан, олар сөз ыңғайына қарай, нақтылы түрде: кұнан жылқы, торы айғыр, жирен құнан, көк дөнен, қаракер бие, шабдар байтал, көк теңбіл ат, ала тай және т.б. деп те, ал кейде бұл атаулар заттанып барып: бәйге торы, боз жорға, сандал көк, көк шолақ, торы теңбіл, сары қасқа және т.б. болып та қолданыла береді.
8 Слайд
Жылқының түсін білдіретін жалаң атаулар



Түр-түсі

Реңі

Түктерінін түрі

Ала

жирен, торы, қара, т.с.,

денесінін негізгі түгінің ара арасында ретсіз орналаскан ақ дақтар шашылған, аяқтары мен тұяқтары жартылай немесе түгелдей ақ

Баран




Денесінің негізгі түсі торы, қара, қоң­ыр, жирен болып келеді де, басы (құлақ түбі, тұмсығы) мен сауыты шие түстес қызғылт, қошқыл, ал жал-кұйрығы мен сирақтары қара.

Боз




Денесі мен жал-кұйрығынын түктері кылаң түсті.

Бурыл

қара,
көк,
қоңыр.

Денесінің негізгі (жирен, қара, торы, т.б.) түсінін түгіне біркелкі ақ қылшық араласып, ал басы (тұмсығы, құлағы) мен аяғында аздау кездеседі.

Жирен

ашық,
қара.

Денесінің түктері бірыңғай сарғыш, жал-құйрығы сәл ақшыл-жирен.

Кер

қара,
құла.

Басы, денесі, жал-құйрығы мен аяқтарының түгі қара, көз маңы, тұмсығы, шабы мен бауыры күңгірт (күнге күйген тәрізді) тарткан коныр.

Көк

қара, қызыл, теңбіл, ашық, боз, ақ.

Алғашқы туған кезінде қара, қара көк, қызыл көк түстес, ал есейе келе ағарады. Жасына байланысты теңбіл көк, торғайдың жұмыртқасындай секпіл, ал баска кезінде ашық боз, боз-ақ

Күрең

қара,
қызыл.

Денесінің түктері қоныр-жиреннен талшын (каштан) түсті, ал жал-құйрығында қара қылшық кездесуімен, ол денесінен қара қоңыр.

Қара




Басы, денесі, жал-құйрығы және аяқтары қарға түстес шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты.

Қоңыр




Қара мен қызылдың аралығында қою күрен түр, басқа түске қарағанда қо­ныр жылқы малына байланысты өте сирек қолданылады.

Құба




Ақшыл сары, бозғылт сұрқай түс. Жылқы малына байланысты кұба сирек қолданылады.

Құла

ашық,
қара.

Басы мен денесі жылтыр сары немесе кұрым сары реңде болып, аяқтары мен жал-құйрығы қара, арқасынан құйрығына дейін созылған жіңішке қара жолағы бар.

Қызыл




Ақ аралас, көкшіл түс. Жылқының түгін де көкшіл қызғылт қылшықтар болады мен түсі табиғаттағы қызылдан баскаша. Қызыл жылқының түгінде ақшыл қылшықтар көбірек.

Қылаң




Дене түгінде бозғылт, сұрғылт, көкшіл, ақшыл, сарғыш қылшығы бар жылқы үстерінің жалпы атауы.

Сары

ак,
қызыл.

Басының, денесінің.жал-кұйрығы және аяқтарының түктері бірыңғай сары са­бан немесе құм түстес. Ал денесінің түктері қаймақ түстес, жал-құйрығы ақшыл, көзі шыны сияқты, терісі бозарған кызғылт болса шегір сары деп атайды.

Сұр




Денесінің түк бітісі ак көкшілдеу болып, бас-сирақтары, жал-құйрығы қаралау, шоқтығынан кұйрығына дейін аркасында қара жолағы бар және жауырыны, тірсегі, сирағы кейде көлденең жолақты тарғыл.

Тарғыл




Денесін белгілі бір бағытта (арқасынан бауырға қарай, шоқтығынан қолтығына, алқымына қарай т.б.) қатарласа жатқан ақ жолақ теңбілдер басқан, бірак өзінің түсі жирен, кұла торы, шабдар. Бұл түсті ала деп атайды.

Торы

ашық,
қара,
тобылғы,
кер.

Басы мен денесінің түгі тобылғы түстес, жал-кұйрығы мен сираөтары қара қошқыл.

Теңбіл




Қара, көк, қызыл, сұр, боз түсті жылқының денесінде шоқ-шоқ болып туратын негізгі түстер өзгеше ақ таңдақ, сұр
тандақтар. Олар әдетте жылқының сауыры мен шоқтығында, саны мен мойнында болады. Теңбіл де шұбар түстің бірі, бірақ сәл болса да айырмашылығы бар.

Шабдар

ақ жал жирен.

Денесінің түктері ашық коңырдан шоко­лад түсі, жал-құйрықтары ақ немесе түтін түстес бозғылт, денесінің түгі ашық жи­рен немесе күңгүрт, жал-кұйрығы мен арқасының түсі қызыл жирен.




кер

Денесі торы түстес, бірак күнгүрт сарғыш қоңыр. Жал-кұйрығы күйген тәрізді күрен және ақшыл түктен тұрады. Тұмсығының, көз маңының, кеудесінің және бауырының түктері ашық түстес. Арқасынан да кұйрығына дейін қара жолағы бар. Аяқтары қара, кейде тарғыл.




кұла

Денесінің түктері ашық сарғыш, ал баска белгілері кер шабарға ұксайды.

Шұбар

қара,
торы,

Денесінде ақ қылшықтары мен қатар, арасында майда теңбілі бар (қара, торы жирен т.б.), жирен, не кылшығының басқа түсте болып, ара кұла т.б. сында ақтенбілі бар.
Ақ дақтың суретіне қарай тарғыл, жолбарыс түстес, форель тәрізді және теңбіл шұбар деп атайды.



10 Слайд
Белгілері мен ен-таңбалары
Жылқы түктерінің белгілері деп, басы мен аяқтарындағы формасы түрлі көлемді ақ түктерді және танауы мен ернінде кездесетін тума қалдарын айтады. Білгілері арқылы көбінесе бірыңғай түсті жылқыларды ажыратуға болады. Белгілердің атауы кездесетін жерлеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Бастагы белгілер: қасқа, төбел, жұлдызша, ақ шалған, шұбыртпа (кең, тар, қисықтығы оңға немесе солға).
Танаудагы белгімер: ақ шаңқан, ақ шалған, тума қалдар (бір немесе қос танауын камтыған, ортасында).
Ерніндегі белгілер: ақ дақтар, тума қалдар (төменгі, қос ернінде, ернінің қай жағынан, қай бөлігі және т. б.).
Аяқтарындагы белгілер: ақ тұяқ, ақ бақай, ак табан, ақ тобық, ақ сирақ, ақтірсек, ала аяқ (жартысы, үштен бірі, үштен екісі). Алдымен жылқылардың алдыңғы аяқтарын (сол, оң), соңында барып артқы аяктарын (сол, он) сипаттайды.
Жылқының ен-таңбалары: Таңба салу, кұлағын керту, кесу (кертік құлақ, шұнақ құлақ), арқасы мен шоқтығында кездесетін тері қабаттарының жарақаттануынан болатын ақ дақтар немесе тыртықтар.

Жылқының түр-түстерін, белгілері мен ен-таңбаларын оқып үйренгеннен кейін студенттерге келесі тапсырмаларды орындау үсынылады.


Тапсырма:

  1. Жылқының түр-түстеріне байланысты қодданылатын атауларын оқып шығып, альбомдағы жылқылардың түр- түстерін төмендегі кестеге толтыру керек.

3 кесте. Жылқынын түр-түстерінің схемасы





реттік


Түр — түстердің атаулары

Белгілері

1

Жирен




5

Ақ




3

Қара




4

Сары




5

Күрен




6

Кер




7

Торы




8

Құла




9

Шабдар




10

Сұр




11

Көк




12

Бурыл




13

Ала




14

Шұбар





  1. Муляждар мен альбомдағы суреттерге қарай отырып, жылқының түр-түстерін, белгілері мен ен-таңбаларын анықтауға жаттығып үйрену.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жылқы түктерінің атқаратын қызметі.

  2. Жылқының негізгі түр-түстері.

  3. Жылқының аралас және құрамалы түр-түстері.

  4. Жылқыда кездесетін белгілері.

  5. Жылқының ен-таңбалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет