Жылқылардың түр-түстерінің маңызы
2 Слайд
Жылқының бір-бірінен айыруға көмектесетін ең басты белгісі — оның түр-түстері, белгілері және ен-таңбалары болып саналады. Бірақта, жылқы малына тән түр-түстердің атаулары тек оларды бір-бірінен айыру, ажырату үшін ғана емес, сонымен қатар олардың сынын, сымбатын, сыр-сипатын анықтауда да, жақсы-жаман қасиеттерін білуде де белгілі қызмет атқарады.
Жылқылардың жайын жақсы білетін атбегілердің айтуына қарағанда, жылқының түр-түсі, сырт көрнісі мен сымбаты маңызы зор белгілердің біріне жатады.
3 Слайд
Жылқылардың түр-түстері мен жүн түктерінің реңін оның қылшықтарының түріне қарап бөледі: бүркеме (басы, мойны және аяқтары), қорғаныш (жалы, кұйрығы және шашасы). Жылқының жүн түктері оның терісінің түсіне де байланысты болып келеді. Жылқы терісі қара, қызғылт немесе теңбіл болады. Ақ жүн және ақ тұяк, жылқынын қызғылт терісіңде пайда болады, ал қара теріде боз түсті жылқының өзінде қара тұяқ жаратылады.
4 Слайд
Гэйестің байқауы бойынша қара терісі бар жылқыдан гөрі қызғылт терісі бар ақ түсті жылқылардың конституциясы борпылдақ және бос болады. Және жылқының қоңыр түстес түгі, ақ түктерден көрі созып тартканда мықты екенін келтіреді.
Профессор П.Н.Кулешов және С.П.Урусовта жылқының торысы жұмыска төзімді және дене бітімі, денсаулығы мықты деп санаған.
Меланома аурулары боз, көк түстес жылқыларда кездеседі және тұкым қуалайды. Сондықтан бұл ауру кездесетін шаруашылықтар торы түсті жылқыларды өсіргенді жөн санайды. Араб атбегілері былай деген: «Ешқашан жирен ат сатып алма, сатсаң қарасын сат, бозға қамқорлык жаса, ал өзің тек торыға мін».
Қазіргі кезде жылқының түр-түсі мен оның жүйріктілігінің арасында өзара байланыстың жоктығы дәлелденген.
5 слайд
Г. Мендельдің ғылыми-зертеу жұмыстары, белгілердің тұқым қуалауында тұрақты заңдылықтың барлығын, будандастыратын организмдердің генотипін біле тұра, олардан алынатын ұрпақтардың белгісін болжауға болатындығын көрсетеді. Бұның жылқы селекциясы үшін де зор маңызы бар.
Мысалы, Америка кұрама штатында аппалуза деген жылқы тұқымы шығарылған және оның өзіндік қасиеті — шұбар түс. Ал, жылқының поломино деген тұкымының ұнамды кейпінің түсі — ақ жал сары, яғни денесінің түсі жылтыр сары да, жалы мен құйрығы акшыл болып келеді. Германияда тауда өсірлетін гафлинг атты жылқы тұқымы ақ жал шабдар түстес болып стандартталады.
Жылқының басқа түстерінің аллельдік арақатынасы, олардың доминанттылығы мен рецессивтілігі біршама толық анықталған деуге болады. Соның нәтижесінде ата-тегі белгілі айғыр мен биені түр-түсіне қарап, олардан туылатын құлынның түсін нақтылы болжау мүмкіншілігі толық бар. Мысалы, қара мен күрең бір аллельді және қараның гені басыңқы (доминантты), көк пен күреңбір аллель, көк басым және т.б.
6 Слайд
Жүн түктері жылқы денесіндегі жылуды ұстап тұру қызметін атқарады. Азықтандырылуы мен табиғаттың мезгіліне байланысты түктің ұзындығы өзгеріп отырады. Қыс айларына қарағаңда жаз мезгілінде оның түгі қысқа болады. Қоңы жақсы құлындардың түгінен көрі арық кұлындардың түгі ұзын келеді. Маусымдық түлеу процессіне байланысты, жылқының түк қабаты біртіндеп әлсін-әлсін алмасып тұрады.
Профессорлар Г.Неума мен А.С.Красниковтың классификациясы бойынша жылқылардың түр-түстері үш топка бөлінеді. Бұл классификация жылқылардын түр-түсінің жалпы анықтау белгісін бермегенмен, оны үйреніп жаттығуға үлкен көмегін көрсетеді.
6 слайд
1 кесте. Жылқының түр-түсінің классификациясы
І.Негізгі:
|
Бір түсті
|
Ақ, сары, жирен, қара.
|
Екі түсті
|
Құла, қарақер, шабдар, күрен, торы.
|
Аймактық
(зоналық)
|
Жирен шабдар, сұр
|
2. Аралас:
|
Жүн кабаттары ақ және түрлі-түсті
|
Көк, бурыл.
|
3. Құрамалы:
|
Екі түрлі
|
Ала
|
Күрделі
|
Шұбар
|
Достарыңызбен бөлісу: |