Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері Оқу мақсаты: Жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану Тапсырмалар



Дата12.11.2019
өлшемі17,33 Kb.
#51644
түріСабақ
Байланысты:
8-1,9-есеп

Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері

Оқу мақсаты: Жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану

Тапсырмалар:

  1. Кеседегі массасы 200 г шайдың бастапқы температурасы 900С. Шай бөлме температурасына (200С-қа) дейін суыса, қоршаған ортаға қандай жылу мөлшерін береді? с4200 Дж/кг0С.




  1. Массасы 200 кг таскөмір толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте. q=30106Дж/кг.




  1. Суын қайырып шыңдау үшін болат балға 7200С-қа дейін қыздырылып, бұдан 140С-қа дейін тез суытылған кезде ол қоршаған ортаға 273000 Дж жылу береді. Балғаның массасын анықта. с460 Дж/кг0С.




  1. Температурасы 200С суға температурасы 1000С суды құйып аралыстырды. Сол кезде пайда болған қоспаның температурасы 400С. Суық су массасының ыстық су массасына қатынасы қандай? (Шығын ескерілмесін).

  2. ПӘК-і 60 пеште 500С-ғы 1 т шойынды балқыту үшін қанша таскөмір жағу керек? сш540 Дж/кг0С, qт=30106 Дж/кг, tб011500С.




  1. Массасы 120 г жез калориметрге массасы 100 г, температурасы 200С керосин құйылды, сонан соң осы калориметрге массасы 200 г, температурасы 960С темір кесегі салынды. Сол кезде керосиннің температурасы 400С болса, керосиннің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? Сж380 Дж/кг0С.

  2. Температурасы 420С, массасы 6 кг суға температурасы 720С, массасы 4 кг су құйылды. Осының үстіне тағыда массасы 20 кг, температурасы 180С су құйылса, қоспаның температурасы қандай болады?

Сапалық сұрақтар:

  1. Колбаға 0,5 л боялған су құйыңдар. Аузына түтігі бар тығын орнатыңдар. Түтік диаметрі 6 мм болсын. Колбаны алақанмен қыздырыңдар, түтікшедегі су тығыннан жоғары көтерілетіндей болсын. Түтікшедегі судың жоғары көтерілуіне не себеп болды?



  1. Сулы бет орамалды алып спиртке батарыңдар. Енді от қойып орамалды тұтатыңдар. Біраз уақыттан кейін от өшеді. Неліктен орамал жанбады?



  1. Қағаз қораптағы суды қайнатуға болама? Қорап жанбай неліктен бүтін күйінде қалды?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет