Сабақ тақырыбы: Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і



Дата13.11.2019
өлшемі463,99 Kb.
#51731
түріСабақ
Байланысты:
Физика 8 Термодинамика негіздері. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффиценті. Сабақ жоспары


8 сынып

Мектеп: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Термодинамика негіздері

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжеханова М.С.

Сынып:

Күні:

Оқушы саны:


Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы:

Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.19 – жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;

8.3.2.21 – жылу қозғалтқыштарын жақсарту жолдарын ұсыну



Сабақ мақсаты

  • жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау

  • жылу қозғалтқыштарын жақсарту жолдарын ұсыну

Бағалау критерийлері

  • Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципін біледі

  • ПӘК формуласын біледі және есептер шығаруда қолданады

  • Термодинамиканың екінші заңының жылу двигателіне қатысты қалай қолданылатыны туралы дұрыс сипаттама береді

  • жылу қозғалтқыштарының жақсарту жолдарын ұсыну

Тілдік мақсат


Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Термодинамикалық жүйе-thermodynamic system

  • Поршень - piston;

  • Поршеньқозғалысы- movement of the piston(rises),(descends)

  • Ішкі энергияның өзгерісі - изменение внутренней энергии-change in internal energyповышается increases,энергия уменьшается- energy decreases

  • Жылу қозғалтқыштары -тепловые двигатели- heat Engines

  • Пайдалы әрекет коэффициенті - коэффициент полезного действия- efficiency (coefficient of performance)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жылу қозғалтқыштары ...

Жылу машиналары ...

Жылу қозғалтқышы жұмыс атқаруы үшін ...

Жылу қозғалтқышының ПӘК-і ...


Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға,сыни ойлау дағдысын дамытуға және коммуникативтік дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Математика: сызықтық және кері тәуелділік, геометрия: график астындағы аудан арқылы термодинамикадығы жұмысты анықтау, процестерді сипаттау


Бастапқы білім


Алдыңғы сабақта оқушылар термодинамиканың бірінші және екінші заңымен танысты және сол теориялардың негізінде мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес деген қорытынды жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 минут


7-10 мин


10-12 мин

1.Ұйымдастыру.Өткен тақырыпты қайталау мақсатына оқушыларға кестені толтыру ұсынылады

Бос торкөздерді толтыр (жеке жұмыс)

Процесс

Q

A

газ жұмысы

ΔU

A/

сыртқы күштер жұмысы

Изобаралық ұлғаю

200 Дж

150 Дж







Изохоралық қыздыру







750 Дж




Изотермиялық сығылу










7 кДж

Адиабаталық сығылу




12кДж







Өздік бағалау жүргізіледі, дайын жауаптармен әркім өз жұмысын өзі тексереді.

2. Ой қозғау «Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін арттыру жолдары бар ма?»

3. Мақсатты болжау.Сабақ мақсаты оқушылармен талқыланады.

-жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау

-жылу қозғалтқыштарын жақсарту жолдарын ұсыну


http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/f53a2095-f74b-4ff4-ac6f-361d4344a481/8_74.swf

https://www.youtube.com/watch?v=FuqupUgremY



12-22 минут

22-35 мин



4. Түсіндіру. Карно циклі туралы бейне материалмен танысып, оқушылар талдау жасайды. Оқушыладың ойын тыңдаған соң мұғалім кері байланыс жасай отырып, Карно циклін түсіндіреді.





Карно циклi.

Жұмыс атқарушы дене қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерiн алады да, тоңазытқышқа Q2 жылу мөлшерiн бередi, ал (Q1 – Q2) айырымын Aп жұмысқа айналдырады. Жұмыс атқарушы дене ұлғайған кезде өзiнiң барлық iшкi энергиясын жұмыс жасауға берiп жiбере алмайды. Жылудың едәуiр бөлiгi мiндеттi түрде жұмысын атқарған газбен бiрге тоңазытқышқа берiледi. Iшкi энергияның бұл бөлiгi қайтарылмай, бiржола жоғалады. Идеал жылу машинасы, оның ПӘК-і




Карно машинасындағы жұмыс атқарушы дене, өз күйiнiң өзгеру циклiн периодты түрде қайталап тұратын, идеалды газ болып табылады. Бұл цикл Карно циклi деген атақ алды, осыған ұқсас процесстер айналмалы немесе циклдік процесстер деп аталады.

Карно машинасында үйкелiске және қоршаған ортамен жылу алмасуға кеткен энергиялардың шығындары ескерiлмейдi, сондықтан бұл машинаны Карноның идеалды жылу машинасы деп атайды.

Карно циклі туралы бейне материалмен танысып, талдауhttps://www.youtube.com/watch?v=FuqupUgremY

5. Сабақты бекіту.Сабақты бекіту үшін оқушыларға өздік жұмыс беріледі.

1.Идеал жылу машинасында қыздырғыштың абсолют температурасы салқындатқыш температурасынан 3 есе көп. Егер қыздырғыш 40 кДж жылу мөлшерін берсе, газдың жұмысын тап

A) ≈37кДж; B) ≈57кДж; C) ≈17кДж; D) ≈47кДж E) ≈27кДж

2. Қыздырғыштың температурасы 390 К, ал суытқыштың температурасы 300 К. Жұмыстық дене 1 сек-та қыздырғыштан 6∙104 Дж жылу алып отырса, жылу машинасының ПӘК-і және қыздырғыштың қуаты

А) 0,23; 1,4 кВт B) 0,23; 14 кВт С) 23; 14 кВт D) 0,46; 28 кВт

E) 0,23; 28 кВт

3. .Жұмыстық дене қыздырғыштан алған әрбір килоджоуль энергияның арқасында 300 Дж жұмыс атқарады. Суытқыштың температурасы 290 К. Жылу машинасының ПӘК-і және қыздырғыштың температурасы

А) 0,3; 823 К B) 0,03; 414 К С) 0,3; 207 К D) 0,3; 414 К

E) 0,03; 207 К

4. Қыздырғыштың температурасы 800 К, ал суытқыштікі – 300К. Жылу двигателі ПӘК-нің мәні

А) ≈ 63 % B) ≈ 56 % С) ≈ 75 % D) ≈ 43 % E) ≈ 80 %

Оқушылар тест жауаптарын қолданып, өзара бағалау жүргізеді. Оқушылар бір- бірімен тапсырманы қалай орындағаны туралы пікір алмасады.Ең қиын деген тапсырманы мұғалім көмегімен талдайды.



35-40 минут

6. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім



- немен жұмысты жалғастыру қажет.

7. Үйге тапсырма:

  1. ПӘК-і 20% болатын идеал жылу машинасы тоңазытқышқа бір циклде 80 Дж жылу береді. Бір цикл ішінде машина қандай пайдалы жұмыс атқарады?

  2. Жылу машинасының ПӘК-і 20%. Егер қыздырғыштан алынатын жылу мөлшері 25%-ға артып, ал тоңазытқышқа берілетін жылу мөлшері 25%-ға кемісе, онда машинаның ПӘК-і неге тең болады? (52%)

  3. Кестеде идеал жылу машинасының ПӘК-інің қыздырғыштың температурасына тәуелділігі көрсетілген. Тоңазытқыштың температурасы өзгермейді. Осы жылу машинасының тоңазытқышының температурасын кельвинмен өрнектеңіз





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабілетті оқушылар тест тапсырмаларын талдауға қатысады, олар орташа қабілетті оқушыларға есептің шығару жолын түсіндіреді.

Оқушылар тест тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау және кестені толтыруда өздік бағалау жүргізеді


Денсаулық сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет