Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, гальванометр, шарғылар, ток көзі, кілт, сымдар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:
Заттың магниттік қасиеттері қалай түсіндіріледі?
Қандай заттар ферромагнетиктер деп аталады?
Ақпараттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асырылады?
1ІІІ. Жаңа сабақ.
Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіретін тәжірибелер:
Индукциялық токтың пайда болуына шарғыдан өтетін магнит өрісінің өзгеру себебі болатынын тәжірибе көрсетті.
Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар генераторлар деп аталады.
индуктор –магнит өрісін тудыратын магнит немес электромагнит;
якорь –магнит өрісі өзгергенде индукциялық ток пайда болатын орам;
контакт сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт пластиналар.
Генератордың айналатын бөлігі-ротор, ал қозғалмайтын бөлігі-статор.
Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрылғыларды трансформаторлар деп атайды.
Темір өзектен және әр түрлі орам саны бар екі шарғыдан тұрады. Егер көп орамы бар орамаға U1 кернеу берсе, онда электромагниттік индукция салдарынан аз орамы бар шарғыда U2‹ U1 кернеу пайда болады және керісінше.
Электр энергиясының алыс қашықтыққа берілуінің жеңілдетілген сұлбасы:
Достарыңызбен бөлісу: |