ІV. №5-эксперименттік тапсырма. Кебу кезіндегі салқындау процесін бақылау.
V.Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма:§§15,16. 10-жаттығу.
VІІ. Бағалау.
БЕКІТЕМІН:
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________
«__________» ____________________
8-сынып.
Зертханалық жұмыс №2.
Тақырыбы: Мұздың меншікті жылуын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: жылу балансының теңдеуін пайдаланып, мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
Приборлар мен материалдар: таразы, термометр, калориметр, мұз кесегі, сүзгіш қағаз, шайнек
Жұмыстың барысы:
Калориметрдің ішкі ыдысын таразыға тартып өлшеңдер: mk.
Оған су құйыңдар, содан кейін суы бар калоримтерді өлшеңдер:
Суы бар калоримтердің ішкі ыдысын сыртқысының ішіне орналастырып, судың tсу температурасын өлшеңдер.
Мұз кесегін сорғыш қағазбен алдын ала құрғатып алып, содан кейін оны суға салыңдар.
Суды термометрмен араластыра отырып, калориметрдегі ең төмен t температураны белгілеңдер.
Калориметрді қайтадан өлшеңдер және суға салынған мұздың mмұз массасын анықтаңдар.
Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |