ІІІ. Жаңа сабақ. Шала өткізгішті диод деп қарама-қарсы жақтарына тізбекке қосу үшін контактілер жалғастырылған, электронды-кемтіктік ауысу болатын шала өткізгішті кристалы бар құрылғыны айтады.
Шала өткізгішті диод екі бөліктен тұрады. Оның бір бөлігі –кемтіктік, ал екіншісі –электрондық өткізгішке ие.
Ә -суретте шала өткізгішті диодтың шартты белгісі.
Ток көзінің оң полюсін шала өткізгіштің элктрондық өткізгіштігі бар бөлігімен, ал теріс полюсін шала өткізгіштің кемтіктік өткізгіштігі бар бөлігімен жалғасақ, диод арқылы ток өтпейді. Диодты осылай қосу кері қосу деп аталады.Кері қосуда ток көзінгің электр өрісі кернеулігінің бағыты элеткронды –кемтіктік ауысудың электр өрісі кернеулігінің бағытымен сәйкес келеді. Қорытқы өрістің кернеулігінің күштілігі сонша, ол арқылы электрондар мен кемтіктердің өтуі тоқталады. Аймақтардың шекарасы тұсында пайда болатын электр өрісі электронды-кемтіктің ауысу өрісі немесе жапқыш өріс делінеді.
Диодтың з-типті шалаөткізгіші ток көзінің оң полюсімен, ал п-типті шалаөткізгіш –осы ток көзінің теріс полюсімен жалғанса, ток көзінің электр өрісі р-п ауысудың жапқыш өрісін әлсіретеді. Осының нәтижесінде кемтіктер мен электрондар бір жақтан екіншісіен өтеді және тізбекпен электр тогы жүреді. Диодты осылай қосу тіке қосу деп аталады.
Шалаөткізгішті диод бір жақты өткізгіштікке ие және көбіне айнымалы токты түзету үшін қолданылады.
IV. Пысықтау. Шалаөткізгішті диод деген не?
Оның қасиеттері қандай?
Ол қандай қызмет етеді?
Шала өткізгішті диод неге бір жақты өткізштікке ие?