Сабақ тақырыбы: жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Сабақ мақсаты



бет127/139
Дата08.02.2022
өлшемі9,35 Mb.
#120514
түріСабақ
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   139
Байланысты:
00066945-a2bb2d0a

ІІІ. Жаңа сабақ.
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.
Жарықтың сыну құбылысын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы деп атайды.



Жарықтың сыну заңы:

  • Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

  • Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген орта үшін тұрақты шама болып табылады:


n шамасы сыну көрсеткіші.



Егер жарық шоғы бір заттан келесі затқа өткен кезде сынған сәуле перпендикулярға жақындаса, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан кем болса, онда екінші затты оптикалық тығыз деп атайды.
Ал, егер жарық шоғы бір заттан келесіге өткен кезде сынған сәуле перпендикулярдан алыстаса, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болса, онда екінші затты оптикалық тығыз емес дейді.
Оптикалық тығыз емес заттың абсолюттік сыну көрсеткіші оптикалық тығыз заттыкінен кем болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет