Сабақ тақырыбы: жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Сабақ мақсаты



бет123/139
Дата08.02.2022
өлшемі9,35 Mb.
#120514
түріСабақ
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139
Байланысты:
00066945-a2bb2d0a

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы: мөлдір біртекті ортада жарық түзу сызықпен таралады. (Видеокассетадағы тәжірибе арқылы түсіндіріледі).

Жарық сәулесі жарық шоғының энергиясы тасымалдайтын бағытын білдіреді.
Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.

Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды. (Видеокассетадағы тәжірибе арқылы түсіндіріледі).

Күннің тұтылуы. («Теллурий» аспабы арқылы түсіндіріледі)



Айдың тұтылуы. («Теллурий» аспабы арқылы түсіндіріледі)

Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.


Жарықтың шағылу заңы: (Видеокассетадағы тәжірибе арқылы түсіндіріледі).

  • Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

  • Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең.

Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, онда шыққан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу деп аталады.
Егер де бет кедір-бұдыр болса, онда шағылғанда жарық шашырайтын болады. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды. (Видеокассетадағы тәжірибе арқылы түсіндіріледі).



IV. Пысықтау.
1. Жарықтың түзу сызықпен таралу заңы қалай тұжырымдалады?
2. Бұл заңды қандай құбылыстар дәлелдейді?
3. Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?
4. Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
5. Айналық, шашыранды шағылу деген не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет