Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, видеокассеталар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазықтықпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды. Линзалардың екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.
Сыну беттерінің пішініне қарай бөлінетін линзалар түрлері:
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1, С2 центрлері арқылы арқылы өтетеін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды.
Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды.
Линзаның центрінен фокусқа дейінгі ОҒ ара қашықтығы линзаның Ғ фокустық қашықтыы деп аталады. 2Ғ нүктесі екі еселенген фокустық қашықтық деп аталады.
Линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокустық жазықтық орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |