Берілген нүктедегі электр өрісінің потенциалы деген не?
Потенциалдар айырымы деген не?
Кернеулік пен потенциалдар айырымының арасында қандай байланыс бар?
Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарып келгенін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Конденсатор дер қалыңдығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген қос өткізгіштен тұратын денелердің жүйесін айтады.
Конденсатордың электр сыйымдылығы деп конденсатор зарядының конденсатор пластиналары арасындағы потенциалдар айырымына қатынасымен өлшенетін физикалық шаманы айтады.