4. Жаңа материалды оқу.
Кейбір жиілік кестелерін тағы бір сипаттамамен толықтырған ыңғайлы болады, ол жинақталған жиілік.
Жинақталған жиілік таңдама элементтерінің қандай бөлігі берілген мәннен аспайтынын көрсетеді. Жинақталған жиіліктер – жиіліктерді жинақтап қосудан алынады, осыдан оның атауы да шығады. Соңғы жинақталған салыстырмалы жиілік ылғи 1-ге тең. Жинақталған жиіліктерді салыстырмалы жиілік сияқты кейде процентпен де өлшейді.
Әрі қарай, 1 мысалдың негізінде мұғалім жинақталған жиілік қалай есептелетінін көрсетеді.
Осыдан кейін мұғалім кумулятаның анықтамасын енгізеді.
Кумулята (жинақталған жиілік қисығы) – абсциссасы – интервалдың жоғарғы нүктесі, ал ординатасы – жинақталған жиілік болатын нүктелерді қосатын сызық.
Достарыңызбен бөлісу: |