2-мысалдың негізінде оқушылар жұпта талдау жүргізеді, содан кейін мұғаліммен бірге берілген жинақталған жиілік кестесі бойынша кумулятаның салынуын талқылайды.
5. Ғылымның әртүрлі салаларында кумуляталардың қолданылуының кейбір мысалдарын қарастыру. М ұғалім кумуляталардың географияда, топырақтануда, агрохимияда қолданылуының бірнеше мысалдарын келтіреді. Қарастырылған ғылымдардың контекстінде кумуляталардың мысалдарын келтіреді.
6. Өткен материалды бекіту. Оқушыларға жеке жұмыс үшін тапсырмалар беріледі.
Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, қажеттілігінше оларға сұрақ қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, консультациялық көмек көрсетеді, оқушыларға кері байланыс береді.
Тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды. Мұғалім дұрыс орындалған тапсырмаларды көрсетеді, оқушылар өзін-өзі бағалауда іске асырады.
Бағалау критерийлері Оқушы