Сабақ тақырыбы Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын



Дата27.01.2022
өлшемі450,83 Kb.
#129970
түріСабақ
Байланысты:
кмж жуйке





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тірі ағзалардың қоректенуі

Мектеп: Пенжім орта мектебі КММ

Педагогтің аты-жөні :

Смадилова Айгерім Қайратқызы

Күні:





Сынып: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары)

7.1.7.4 - орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдерін атап бере алады.

Көпшілігі: Жұлын бөлігінің атауларын біледі

Кейбіреуі: Жұлын бөліктерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтау

Құндылықтар

«Мәңгілік Ел» қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім құндылығы бойынша оқушыларды ынтымақтастыққа,еңбекке, шығармашылыққа баулу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау

Ресурстар

Сабақ басы

(8 мин)


Оқушылармен амандасу, қатысушыларды белгілеу.

Сұрақ қою арқылы оқушылардың көңіл күйлерін сұрау. Сабақ тақырыбы, мақсатымен, тапсырмалармен, бағалау критерийімен танысады.


Ұйымдастыру.

«Миға шабуыл»

Сұрақ қою:

1. мына суретте не көріп тұрсыздар?

2. Нейрон дегеніміз не?

3. Жүйке жасушаларының құрылысы неден тұрады?

4. Ядро нейронның қай бөлімінде орналасқан?

5. Нейроглия дегеніміз не?



Сабаққа қатысып отырғанын білдіреді.

Биология дәптерлеріне күн ретін, сабақ тақырыбын және мақсаты жазады. Сұрақтарға пікір айтады, талқылайды, қорытындылап тұжырым жасайды.



мұғалімнің пікірі

Презентация

Презентация



Сабақтың ортасы

(8-20мин)




Жаңа сабақпен танысу

Тапсырманы орындаңыз

1.Жүйке жүйесінің бөлімдерін атап бер.

2. Суреттегі жұлын бөлігінің атауларын атаңыздар



Дескриптор: жұлынның құрылысын біледі.

Жұлынның құрылысы бөлімдерін атайды.

3. Тапсырма:

Жұлын құрылысының бөліктері

Қызметі

Сұр зат




Ақ зат




Алдыңғы өскіндері(тамыршалары)




Артқы өскіндері (тамыршалары)




Жұлын жүйкелері




Дескриптор: Жұлын бөліктерінің қызметін біледі.

Жұлын бөліктерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтайды



Оқушылар тақырыппен танысып, терминдерді дәптерлеріне жазады. Бейнежазбамен танысып, тиісті ақпаратты дәптерге жазады.

Дәптермен жұмыс жасайды.



Өзін- өзі бағалайды
Жүйке жүйесінің бөлімдерін атайды. 2балл

жұлынның құрылысын біледі. 2балл

Жұлынның құрылысы бөлімдерін атайды. 2балл

Жұлын бөліктерінің қызметін біледі. 2балл

Жұлын бөліктерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтайды 2балл




Сабақтың соңы

(21-25мин)



Кері байланыс:



Өткен сабағымыз туралы ойларын айтады, сабақтың қызықты немесе түсінбегендігі туралы ойларын айтып кері байланыс береді.


кесте

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Жұлынның құрылысын біледі. 2балл

Жұлынның құрылысы бөлімдерін атайды. 2балл

Жұлын бөліктерінің қызметін біледі. 2балл

Жұлын бөліктерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтайды 2балл


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Саралау тапсырмасы.

Сәйкестендіру тесті 

1. Жүйке жүйесін ... және ... деп үлкен 2 бөлімге бөледі. 

А) орталыққа тебетін және орталықтан тебетін 

2. Орталық жүйке жүйесіне ... мен ... жатады. 

Ә) жұлын 

3. Цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан мүше. 

Б) орталық, шеткі 

4. Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде қанша түбірі болады? 

В) жүйке орталығы 

5. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа қанша жұп жұлын жүйкелері таралады? 

Г) 2 

6. Жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығы-... 

Ғ) ми, жұлын 

7. Жұлынның өткізгіштік қызметі қандай жолдардан тұрады? 

Д) 31 

Жауаптары: 1-Б 2-Ғ 3-Ә 4-Г 5-Д 6-В 7-А 

Дескрипторлар:

Жүйке жүйесі бөлімдерін біледі. 3балл

Жұлынның құрылысын біледі. 3балл

Жұлынның қызметін біледі. 1балл



Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет