Шоқан Уәлиханов бұл оқиға туралы: "Орынбордағы бір рубасы өз жерлестерінің жағдайын тазы иттердің қуғынына түскен қоянмен салыстырған",-деп жазған. Хан ұрпағы әрі орысшыл ғалым Ш.Уәлиханов өзінің арғы атасы Абылай ханның “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдарынан кейінгі ерлігіне арналған қысқаша энциклопедиялық еңбегінде оқиғаның қазақ халқының өміріне жалпы әсерін сипаттайды. Уәлихановқа оқиғаның детальдарына, нақты себептері мен салдарына тоқталудан гөрі аштық пен мыңдаған адам шығынының халық өміріне жалпы әсері және қайғылы жайттардың Абылай ханның қайсар мінезін қалыптастырудағы рөлі жайлы жазу маңыздырақ болды. Уәлиханов өз зерттеуінде Левшиннің еңбегіне және де халық арасындағы ауызба-ауыз тараған әңгімелерге сүйенгенімен, ешбір дереккөзге сілтеме жасамайды.
Қосымша-2
Елім-ай
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, елім-ай.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, елім-ай.
Мына заман қай заман? бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, елім-ай.
Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын колғылып ағызамын,
Елім-ай, елім-ай.
Мына заман қай заман? қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан үшқан заман,
Елім-ай, елім-ай.
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, елім-ай
Достарыңызбен бөлісу: |