ІҮ. «Шапшаңдық» бөлімі. 0,8 м = 80 см 40 см = 0,4 м
2,9 дм = 0,29 м 0,25 м = 2,5 дм
380 м = 0,38 км 0,35км = 250 м
Ү. «Білім шыңына өрлейік» бөлімі. Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.
Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Поезд жүретін темір жол –поездың, тас жол –автомобильдердің, ұшақтың артында қалған тұманды із-ұшақтың, соқпақ жол- жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді. Қозғалыс траекториясының пішіні әр түрлі санақ денесіне қатысты түрліше болады. Қозғалысты түзусызықты немесе қисықсызықты деп бөледі. Мысалы: шеңбер бойымен, парабола бойымен қозғ.
ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу» бөлімі. 1/ Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады:
а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті.
б) конькиші жарыс мәресінен өтті. Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда.
в) ғарыш кемесінің қозғалысын Жердегі басқару орталығынан бақылайды. Екі ғарыш кемесі түйісу сәтінде.
2/ Мына денелер: метро эскалаторында тұрған адам; төмпешіктен секірген шаңғышы; тігін машинасының инесі- Жермен салыстырғанда түзу сызықпен қозғала ма, әлде қисық сызықпен қозғала ма?
Жаңа сабақты пысықтау. 1. Бүкіл материалық дүниеге тән қасиет…
а) қозғалыс б) санақ денесі в) тыныштық г) салыстырмалы
2. Санақ жүйесі дегеніміз: а/ санақ денесі б/ координат жүйесі в/ уақыт өлшейтін жүйе г/ санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат
3.Қозғалыс траекториясы деген не? а/ жеке молекуланың қозғалысы б/ жылдамдыққа қарсы қозғалыс в/ қозғалыс бағытын анықтамайтын г/ бір нүктеден екінші нүктеге дененің орын ауыстырғандағы сызығы.
4.Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаған ғалым кім? а/ Аристотель б/ Гиппарх в/ Птолемей г/ Коперник
5.Жердің Күнді айнала қозғалуын қарастырғанда қай кезде Жерді материялық нүкте деп есептеуге болады? а/ Жыл мезгілінің өзгеру уақытын қарастырғанда б/ Жыл мезгілінің ұзақтығы тәулікпен өлшегенде в/ Жер мен Күннің ара қашықтығы метрмен анықталғанда г/ Жыл мерзімінің ұзақтығын секундпен анықтағанда
6.Көзбен көруге болатын планета: а/ Юпитер б/ Уран в/ Нептун г/ Плутон
7. Юпитер- қазақша аты. а/ Қоңырақай б/ Есекқырған в/ Аңырақай г/ Болпан
8. Астрономиялық бақылау үшін қолданылатын аспап. а/ термометр б/ таразы в/ секундомер г/ телескоп
9.Коперниктің «Аспан сфераларының айналуы» туралы деп аталатын еңбегі қай жылы жарық көрді? а/ 1543 б/ 1503 в/ 1563 г/ 1643
10. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады? а/ материя б/ физикалық дене в/ зат г/ материялық нүкте
1-а 4-г 7-б 10-а
2-г 5-в 8-г
3-г 6-а 9-а
ҮІІ. «Физикалық тілде» бөлімі. Әр заттың …… – сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. / молекуласы/
Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын …. деп атайды. /диффузия/
Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама …… деп аталады. /температура/
Дене молекулаларының қозғалыс…. неғұрлым үлкен болса, оның…. да соғұрлым жоғары болады. /жылдамдығы, температурасы/
Пішіні мен көлемін сақтау- …. денеге тән қасиет. / қатты/
Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені …… деп атаймыз. / материялық нүкте/
Дүниенің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе…. деп аталды. /гелиоцентрлік жүйе/