А) білімділігі: оқушыларға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы кең көлемде мәлімет беру,өлеңнің негізгі идеясы туған жерді сүю,қадірлеу екендігін ұғындыра отырып,оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу,білім алуға талаптандыру.
Ә) дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қиялын,жүйелі ойлау қабілетін,сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту.
Б) тәрбиелілігі: оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу.Туған жерін,елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және қорғай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: - Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылығын біледі, мәлімет бере алады. - «Қазағым менің» өлеңнің негізгі идеясын түсінеді, өмірмен байланыстыра алады. - өз ұлтының ерекшелігін дәріптеп, оны мақтан ете алады. Көрнекіліктер: стикерлер, слайд, интерактивті тақта
Оқыту формасы, техн, әдістер. АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Жас ерекшелігін ескеріп оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық, ЖИГСО стратегиясы.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша қорытынды жасайды. Сөйлеу мәнері мен өзін-өзі басқаруға дағдыланады
Топқа бөлінеді
К.Ахметованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет алады
«Қазағым менің» өлеңін мәнерлеп оқиды, тақырыбы мен идеясын ашады.
Оқушылар топтық жұмысты өздеріне берілген тапсырма бойынша топ болып талқылайды
Көшбасшылар өлеңге композициялық талдау жасайды.
Оқушылар екі сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады.
Оқушылар ойын жүйелі жеткізуге талпынады. Шығармашылықпен жұмыс жүргізеді
Оқушылар сабақ барысындағы алған білімдері негізінде екі оңай екі күрделі сұрақ дайындайды.