Сабақ Тақырыбы: «Кальций және оның қосылыстары»



бет2/2
Дата25.03.2017
өлшемі236,38 Kb.
#12236
түріСабақ
1   2
Кестені толтыру.


Формуласы

Аталуы

Қазақстанның қай аймағында кездеседі (карта пайдалану)

СаSO4*H2O

 

 

СаСО3*MgCO3

 

 

Са3(РО4)2

 

 

СаСО3

 

 

Са5(РО4)2F

 

 

СаF2







3.Физикалық қасиеттері.
4.Алынуы (реакция теңдеуін жазу) 1808ж ағылшын ғалымы Г.Деви

СаСl2→ Са + Сl2↑ (электролиз әдісі)



5.Химиялық қасиеттері  (оқулықпен жұмыс).

Кальций атомдары металдық байланыс түзеді. Кристалл торы – металдық. Кәдімгі жағдайда химиялық белсенді элемент болып келеді. Күшті тотықсыздандырғыш.



Са0 – 2е- Са +2

Ауада қыздырғанда тұтанады, ал таза оттекте ашық жалынмен жанады:



2Са0 + О20 → 2 Са+2 О-2

А) Жай заттармен әрекеттесуі (тақтаға теңдеулерді аяқтап жазу.)

Н2

C N2 Ca + Н2 =

Ca+ N2 =

Ca Са + S =

Ca + Cl2 =

CI2 S Са + С =

Ә) Күрделі заттармен: (тақтаға теңдеулерді аяқтап жазу)
Са НОН Са + НОН=

(демонстрациялық тәжірибе)

НСІ Са + НСІ =

(демонстрациялық тәжірибе)

НNO3

(сұйық ) 4Са+ 10НNO3(сұйық)= 4Ca(NO3)2+N2O+ 5H2O



6. Кальций қосылыстары:                

CaО - кальций оксиді –ақ түсті, қиын балқитын зат. Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп те атайды. Оны әктасты жоғары температурада қатты қыздыру арқылы алады:

СаСО3 → СаО + СО2

Кальций оксиді – негіздік оксид. Ол сілтілік жер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп, кальций гидроксидін түзеді.
СаО + Н2О→ Са(ОН)2

Бұл реакция өте тез және қуатты жүреді. Нәтижесінде сөндірілген әк деп аталатын көпсіген кеуек - ақ ұнтақ алынады.


Ca(ОН)2 - кальций гидроксиді суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі зертханада әк суы деп аталады. Ол ерітіндіде толық иондарға диссоциацияланады:

Са(ОН)2→ Са 2+ + 2ОН-

Индикатор түсін өзгертеді. Фенолфталейннің түсін таңқурай түске бояйды. Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттеседі.

а) Қышқылдармен:

Са(ОН)2 + 2НСl → СаСl2 + 2Н2О

ә) Қышқылдық оксидтермен:

Са(ОН)2 + СО2 → СаСО3↓ + Н2О
Тәжірибе «Дем шығару».

Сынауықта Са(ОН)2 оқушы партасында, түтікше арқылы үрлеген кезде, ерітіндіде тұнба пайда болады. Бұл реакция зертханада көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданылады.



7. Қолданылуы.



ІV. Бекіту.

«С»

1. 1 моль СаCO3 қыздырғанда СО2 (қ.ж) қандай көлемі түзіледі?

2. 15% қоспасы бар 200г СаСО3 ыдырағанда (қ.ж.) неше литр СО2 бөлінеді?
«В»

1. Өзгерісті жүзеге асырыңыз

Са → СаО → СаСО3 → СaO →СaCl2

2. Адам тыныс алғанда сағатына 54 г СО2 шығарады. Көмірқышқыл газының көлемі (қ.ж.) қанша болады?


«А» 

1. Кальций оксидіндегі кальцийдің массалық үлесі қандай?



2. Металл күйіндегі  кальций ауада қалса,біртіндеп ақ түсті ұнтаққа айналады. Жүретін реакция теңдеуін жазу.            

V.Үй тапсырмасы: § 32,33 оқу, A, B, C деңгейлік есептерін шығару.

VІ. Қорытынды жасау. Бағалау. «Бағдаршам» әдісімен рефлексия. Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?

Қызылмаған сабақ ұнамады, уақытым текке кетті.

Сары сабақ өз деңгейінде өтті, бірақ мен әлі де өз білімімді көрсетуім керек.

Жасылсабақ жақсы өтті, өз білімімді көрсеттім, білгенім мен үйренгенім көп.

(Қолдарындағы түсті қағаздарын көтереді).
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет