1. Калькулятор сөзі қай тілден шыққан?
А) латын B) испан С) ағылшын
2. Мына батырмалардың “СЕ” және “С” қандай айырмашылығы бар?
А) “СЕ” батырмасы соңғы ендірілген санды өшіреді, ал “С” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді.
В) “СЕ” батырмасы мен “С” батырмасының айырмашылығы жоқ.
C) “СЕ” батырмасы тек жарықтанып тұрған санды өшіреді, ал “С” батырмасы барлық ақпаратты өшіріп калькуляторды жаңа жұмысқа дайындайды.
3. Калькулятордың қандай түрлерін білесің?
А) Қарапайым, инженерлік
В) Статистикалық, тригонометриялық
С) Мәтіндік, сандық
4. Сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі?
А) Калькулятор B) Блокнот С) есепшот
5. Цифрлық қосымшаны қай перненің көмегімен енгіземіз?
А) Delete B) Num Lock С) Shift
6. Memory Clear қандай қызмет атқарады?
А) жадыны тазартады B) жадыны сақтайды С) жадыны өшіреді
7. Жеңіл, оңай есептеулерді қай режимде жүргізуге болады?
А) барлығы дұрыс B) инженерлік С) қарапайым
8. Соңғы ендірілген санды қай перненің көмегімен өшіреді?
А) Delete B) Enter С) Backspace
9. Memory Recall қандай қызмет атқарады?
А) жадыны тазартады B) жадыдағы санды индикаторға шығарып жазады С) жадыны өшіреді
10. Memory Store қандай қызмет атқарады?
1)Индикатордағы санды жадыға жазады
2) Индикатордағы санды жадыға сақтайды
3) Индикатордағы санды жадыда өшіреді
|