Жаңа сабақ. Ал енді бейнекөрініске көңіл бөліңіздер
Видео көрсетіліп, мәтін тыңдалады
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Жаңа сабақ. "Кинометафора" әдісі арқылы
"Архимед заңы туралы" видеороликтер көрсету арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
Топтық жұмыс.
Динамометрді қолдана отырып, салмақтары мен көлемдері әртүрлі объектілерді бірінші ауада, сосын суда өлшеңіз, нәтижесін кестеге жазыңыз.
Архимед күші объект салмағына байланысты ма?
|
X объекті
|
Y объекті
|
ауадағы салмақ
|
|
|
судағы салмақ
|
|
|
Архимед күші
|
|
|
Дескриптор:
-Архимед заңының формуласын біледі
-Объектілердің ауадағы және судағы салмағын анықтайды
-Архимед күшін есептей алады
- FA=Fa-Fc формуласы арқылы есептейді
ҚБ: Топтар бірін-бірі «бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды
Жұптық жұмыс : «Қызықты есептер әлеміне саяхат » әдісі Такырыпты өз беттерімен талдап ашуға бағыт бағдар беру, есептер шығару.
1-топ:Архимед тобы
1. Көлемі 2 дм3 дене толық суға батырылған. Осы денеге әсер ететін кері итеруші күш 18 Н болса, дененің тығыздығы қандай? / 900 кг/м3 /
2. Көлемі 7,5 дм3-ге тең тастың массасы 18,7 кг. Осы тасты суда батырмай ұстап тұра-тын күшті анықта. ρ=1000кг/м
/110 Н/
3. Қалқып жүрген ағаш білеуше 0,5 л суды ығыстырып шығарады. Білеушенің салмағы қандай? ρ=1000 кг/м3 /5 Н/
2-топ: Паскаль тобы
1. Көлемі 500 см3 және массасы 800 г динамометрге ілінген жүкті толығымен суға батырса, динамометр нені көрсетер еді? ρ=1000 кг/м3 /3 Н/
2. Су астында жатқан массасы 30 кг, көлемі 0,012 м3 тасты көтеру үшін, оған қандай күш түсіру керек? ρ=1000 кг/м3 /180 Н/
3. Көлемі 5 дм3 болатын дене толығымен суға батырылғанда, оған әсер ететін кері итеруші күш 50 Н-ға тең болса, сұйықтың тығыздығы қандай? /1000 кг/м3/
3-топ: Ньютон тобы
1. Көлемі 1 м3 денені суға батырсақ қанша кері итеруші күш әсер етеді? Судың тығыздығы -1000кг/м3. /10 000Н/
2. Керосинге батырылған темір білеушеге әсер ететін кері итеруші күш 20 Н болса, оның көлемі қандай? ρ=800 кг/м3 /0,0025 м3/
3. Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған.Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы – 1000кг/м3. /FA=1H/
Дескриптор:
-Берілгенін жазады
-ХБЖ-не айналдырады
-Архимед заңының формуласын біледі
-Формуланы түрлендіре алады
-математикалық есептеулер жүргізеді
-есептің жауабын жазады
ҚБ: Валютамен бағалаймын
«Физикалық диктант» әдісі жұптық жұмыс дәптермен жұмыс
1.Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері кері итеруші күш әсер етеді.
2.Бұл күш жоғары бағытталған, оны кері итеруші күш немесе Архимед күші деп атайды.
3. Күштен қанша есе ұтсақ, ара қашықтықтан сонша есе ұтыламыз.
4.Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы салмағының айырмасына тең.
5.Архимед күші дененің ығыстырып шығарған сұйықтың көлеміне тең
6.Архимед заңы мына түрде жазылады: F=ρgV
7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады.
8. Архимед заңы арқылы әуеде ұшады, суда кемелер қалқиды, сүңгуір қайықтар жүзеді .
Дескриптор:
-Сұйыққа және газға батырылған денеге әрекет етуші Архимед күшінің ұқсастық белгілерін анықтайды
ҚБ: Балалар бірін-бірі тексереді, баллдық шкала бойынша бағаланады.
1-2
|
Тырысыңыз!
|
3-4
|
Орташа!
|
5-6
|
Жақсы!
|
7-8
|
Жарайсың!
|
|