Кіріспе тапсырма.
Сабақты «Миға шабуылдан» бастау.
Жеке жұмыс. “Сенемін — сенбеймін” ойынын ойнатудан бастау. Оқушылардың әрқайсысына жауап жазатын кестені таратып беру. (тиісті бағанға “+” қою керек).
Егер оқушылар менің тұжырымыма сенетін болса, онда “Сенемін” сөзі жазылған бағанға “+” таңбасын, ал олар менің тұжырымыма сенбейтін болса, онда “+” таңбасын “Сенбеймін” сөзі жазылған бағанға қояды.
Ойын өткізуге арналған тұжырымдар:
|
|
Сенемін
|
Сенбеймін
|
1
|
Сен және тағы екі оқушы тақтаға шықты. Егер сенің сол жағыңда және оң жағыңда оқушылар тұрса, онда “сен олардың ортасында тұрсың” дегенге сендер сенесіңдер ме?
|
+
|
|
2
|
“Үш қабатты үйде төрт қабат бар” дегенге сенесіңдер ме?
|
|
+
|
3
|
“Үш сауысқанның алты аяғы бар” дегенге сенесіңдер ме?
|
+
|
|
4
|
“Үш мысықтың бес құйрығы бар” дегенге сенесіңдер ме?
|
|
+
|
5
|
“Егер алманы қақ бөлсе, сонда екі алма пайда болады” дегенге сенесіңдер ме?
|
|
+
|
6
|
“Егер кеше жұма, ал бүгін сенбі” десе ше?
|
+
|
|
Шыққан жауаптарды сыныппен тексеріп, дұрыс жауаптарды талдату. Оқушылардың жұмыс тарын дұрыс жауаптың санына байланысты өздеріне бағалату.
Жұппен жұмыс. Әр жұпқа кестесі бар А4 қағазын, сондай-ақ түрлі түсті қағаздан жасалған
4 дөңгелек, 4 үшбұрыш, 4 шаршы, 4 тіктөртбұрыштарды таратып беру.
Оқушылар кестені фигуралармен (дөңгелектермен, үшбұрыштармен, шаршылармен, тіктөрт бұрыштармен), әр жол мен әр бағанда фигуралар қайталанбайтындай етіп толтырады. Оқушылардан алдын ала кестеден жол мен бағанды көрсетуді сұрау. Орындап болған соң өзара тексеру жүргізуді ұсыну. (Жол мен бағанын көрсету)
Ереже: шарты күрделі, жазуға немесе елестетуге қиындық тудыратын логикалық есептерді кесте арқылы шығару қолайлы.
Оқулықпен жұмыс 104, 105 беттер
Баскиімдер. (Кестені сызып, балалардың аты мен баскиім түстерін жазып қою)
Дидар, Сәкен және Саматтың баскиімдері қызыл, көк және жасыл түсті.
Дидардың баскиімі қызыл емес. Саматтың баскиімі қызыл да емес, көк те емес.
Егер Дидар мен Саматтың баскиімдері қызыл түсті болмаса, онда қызыл баскиім Сәкендікі.
Дидардың баскиімінің түсі қандай болатынынын сұраймын.
Балалардың баскиімдерінің түсі қандай?
Оқушыларға тапсырманың шартын оқыған соң кестеге қарауды ұсыну (қолайлы болу үшін плактқа сызып тақтаға шығарып қою). Олардан ұлдардың атын сұрау.
Олар кестеде қай жерде орналасқан? (Бағанда.)
Баскиімдердің түстерін сұрау. Олар кестеде қайда орналасқан? (Жолда.)
Есептің шартында Дидар туралы не белгілі екенін сұрау (оның баскиімі қызыл емес). Онда “Дидар” деген жазуға қарсы тұрған “қызыл жолға “–” таңбасын қою (барлық іс-әрекетті тақтадағы кестеде белгілеу). Самат туралы не айтылғанын сұрау (оның баскиімі қызыл да емес, көк те емес). Онда қызыл және көк қатарға “–” таңбасын қою. Оқушыларға осыдан кейін қорытынды жасату. Егер Саматтың баскиімі қызыл да, көк те болмаса, онда оның баскиімі жасыл түсті. Саматтың атына қарсы “жасыл жолға “+” таңбасын қою. Егер Дидар мен Саматтың баскиімдері қызыл түсті болмаса, онда қызыл баскиім Сәкендікі (Сәкеннің атына қарсы тұрған “қызыл” жолға “+” таңбасын қою керек). Оқушылардан Дидардың баскиімінің түсі қандай болатынын сұрау.
|
Қызыл
|
Көк
|
Жасыл
|
Дидар
|
-
|
+
|
-
|
Сәкен
|
+
|
-
|
-
|
Самат
|
-
|
-
|
+
|
Жауабы: Дидардікі — көк, Саматтікі — жасыл, Сәкендікі — қызыл.
104 бет Интерактивті тақтадан ережені оқу.
105 бет Интерактивті тақтадан кітапты көрсетіп қою.
Құрбылар. Жұппен жұмыс
Бақыт, Дина, Жанар алма, алмұрт, апельсин жеді.
Бақыт алманы ұнатпайды.
Дина апельсинді жақсы көреді.
Қыздардың әрқайсысы қандай жемісті сүйсініп жеді?
Есептің шартымен танысқан соң оқушыларға жұпта кестемен жұмыс істеуді ұсыну. Әр қыздың не жегенін сұрау. Неге мұндай жауап шыққанын түсіндіріп беруді өтіну. Бірнеше жұпқа өз ойларын айтып беруге мүмкіндік жасау.
|
Бақыт
|
Дина
|
Жанар
|
Алма
|
-
|
-
|
+
|
Алмұрт
|
+
|
-
|
-
|
Апельсин
|
-
|
+
|
-
|
Жауабы: Дина апельсин жеді, Бақыт алмұрт жеді, Жанар алма жеді.
Шығарып көр Жеке жұмыс
Дамир, Асан және Тимурда танк, ұшақ және мәшине ойыншықтары бар.
Дамирдің ойыншығы мәшине емес.
Ал Асанның ойыншығы ұшады.
Балаларда қандай ойыншық бар?
Әр ұлдың қандай ойыншығы болғанын сұраймын. Неге мұндай жауап шыққанын түсіндіріп беруді өтінемін. Бірнеше оқушыдан өз ойларын айтып беруді сұраймын.
|
Дамир
|
Асан
|
Тимур
|
Танк
|
+
|
-
|
-
|
Ұшақ
|
-
|
+
|
-
|
Мәшине
|
-
|
-
|
+
|
Жауабы:Асанда ұшақ, Дамирде танк, Тимурда мәшине.
Орындап көр. Кестенің көмегімен шығарылатын жоғарыдағыдай есеп құрастыруды тапсыру. Тапсырманы жұппен немесе үйде орындауға болады.
Сергіту минуты «Ақ бұлақ»
|