Сабақ тақырыбы Кіріспе сабақ : Ежелгі Қазақстанға саяхат



бет121/134
Дата22.11.2019
өлшемі7,85 Mb.
#52279
түріСабақ
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   134
Байланысты:
5 сынып ҚМЖ сатып алынған-2 (3)




Сабақтың тақырыбы:

Аттила және оның жаулаушылық жорықтары




Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.1.3 – ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету;

5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Аттила және оның жаулаушылық жорықтары



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы


Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Қызыл гүлім-ай» би




Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.



Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?




Оқулық,

мәтіндер.



Ортасы

10 минут




Қолдану

Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары Аттила патшаның атымен тығыз байланысты. Осы жорықтардың арқасында ғұндар Еуразия кеңістігінде үстемдік жүргізген.



Аттила - әйгілі Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы есім қалыптасты. Алайда оны әр халық әр түрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары мен Скандинавия тарихында Этцель (Еtzеl), славяндарда Атыл, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деген атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ өзенінің атауымен байланысты болуы мүмкін.

434 жылы Ғұн империясының билеушісі Руғила өлгеннен соң мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттиланың қолына тиеді. Аттила 10 жылдай немере ағасы Бледамен бірге билік етеді. 445 жылдан бастап билікті өз қолына алады.

Аттиланың тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста - Кавказға, батыста Рейнге, солтүстікте - даниялық аралдарға, оңтүстікте - Дунайға дейінгі жерлер Ғұн империясының иелігіне айналады. Аттила әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопил мен Константинопольге дейін жетеді. Қуатты Шығыс Рим империясына (Византия) жорық жасап, оны тізе бүктіреді. 451 жылы Галлияға басып кіреді. Мұның соңы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, осы дәуірдің ұлы оқиғасы - Каталаун (Франция жерінде) шайқасына алып келеді. 452 жылы Италияны ойрандап, Падуя, Милан секілді қалаларын алады. Алайда ол Рим қаласын қиратпай, тек салық жинап кері кайтады. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы аумағын кеңейтіп, көркейе түскен. Қаншама халықтар мен қалалар Еділдің алдында бас иген. Осылайша Ғұн империясының даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қаған 453 жылы қайтыс болды. Оның денесі Тисса өзенінің арнасына жерленген. Аттиланың өлімінен кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап, тарап кетті.

Жер қайысқан қолымен Еуропаны тізе бүктіріп, қол астына қаратқан бабамыз Еділ - Аттиланың есімі «адамзат тарихындағы ұлы адамдар - Александр Македонский мен Юлий Цезарь есімдерінің қатарында» аталады.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:


Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Зерттеу сұрағы: Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет