Сабақ тақырыбы Кіріспе сабақ. Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?



бет2/4
Дата23.10.2023
өлшемі103,5 Kb.
#187572
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1 qazaqstan-tarihy 6synyp orta-gasyrlar-tarihy-neni-oqytady qysqa-merzimdi-zhospar-2-sabaq

(Т) Тапсырма 1. «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасын беру. Әр топқа құжаттар топтамасы беріледі.
1 топ – орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға байланысты суреттер топтамасы беріледі.
Суреттерді қарап, орта ғасырларда қандай тарихи оқиғалар болғаны туралы ойларын ауызша ортаға салу.
2 топ – «Қазақстан VI-IX ғасырларда», «Қазақстан X -XIII ғасырларда», «Қазақстан моңғол шапқыншылығы жылдарында», «Қазақстан моңғол шапқыншылығынан кейінгі жылдарында», «Қазақ хандығы» карталары беріледі.
Карталарды салыстырып, хронология бойынша саяси картадағы өзгерістерді анықтап, қорытынды шығару.
3 топ – Орта ғасырлар кезеңдері туралы мәтін беріледі. Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтау және сипаттау.
Бағалау критерийі: Орта ғасырлардағы Қазақстандағы өзгерістерді анықтайды.
Дескрипторлар:
Деректер (сурет) негізінде үш негізгі өзгерісті атайды (1-топ);
Орта ғасырлардың әр кезеңіндегі негізгі өзгерісті анықтап, қорытынды жасайды (2-3-топ).


Бағалау. Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы. Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, мұғалім кері байланыс береді.
(М) Презентация арқылы тарихтың негізгі кезеңдерімен таныстыру.
Орта ғасырлардың кезеңдері:

  • Ерте орта ғасыр (түркі дәуірі);

  • Дамыған орта ғасыр (моңғол шапқыншылығы);

  • Біртұтас Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы.



(Б/Ж) Тапсырма 2. Қазақстан тарихының кезеңдерін салыстырып, кем дегенде 2 ұқсастығы мен әр кезеңге тән 2 айырмашылығын келтіру.

Ежелгі Қазақстан тарихының айырмашылығы

Екі кезеңнің ұқсастығы

Орта ғасырлар кезеңінің айырмашылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет