Сабақ Тақырыбы: «Күй аңыздары»



Дата25.12.2016
өлшемі1,57 Mb.
#5130
түріСабақ
Ақмола облысы Астрахан ауданы

білім бөлімі

«Астрахан №2 орта мектебі»

Мемлекеттік мекемесі


Ашық сабақ

Тақырыбы: «Күй аңыздары»

7 «А» сынып

Өткізген:Каримова Динара Дулатбековна

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Күй аңыздары»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: Оқушылардың ойларын қозғап, « Күйл аңыздары» атты тақырыпты түсіндіре отырып, тілдесім әрекеттерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық:  Ой - өрісін, белсенділіктерін арттырып,сұрақ-жауап жұмысын жүргізу, жалғаулардың түрлерін қайталау арқылы есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту;.

3.Тәрбиелік.Ынтымақтастыққа бір-бірін сыйлай отырып,жұмыс істей білуге,өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу, әнге,күйге деген сүйіспеншілігін ояту, құрметтей білуді дәріптеу.

Түрі:  ізденіс сабақ,жаңа білімді меңгерту.

Әдіс – тәсілдері:СТО стратегиялары:топтастыру, талдау, топпен жұмыс Эвристикалық саты,Семантикалық карта ,«Күнделік» кестесі,іздендіру,ойландыру,әңгімелеу,бірін-бірі бағалау,топтық жұмыс. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, сызба, күйлер,слайдтар,А-3 қағаз. 

Пәнаралық байланыс:музыка,тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 
Психологиялық дайындық
а) Сәлемдесу ;
ә)Түгендеу ; - Кім жоқ?
- Бүгін нешесі?

б) Топтастыру .Оқушыларды 3- топқа бөлу.Стикер арқылы(1топ- Домбыра,2топ-Жетіген,3топ-Қобыз)



ІІ. Жаңа сабақ: 1)Қызығушылық ояту.–Күйді естірту. Сұрақ қою . Балалар бұл қандай әуен? Балалар, тағы қандай күйлерді білесіңдер?    «Балбырауын» , «Адай» .Осы күйлерді кім шығарды?

1-слайд. Құрманғазы Сағырбаев. 

2-слайд.Эпиграф сөздің түсінігін беру.Ән мен күй арқылы халықтың ойын сезінеміз,арманын ұғамыз,келешекке көз тастаған үмітін танимыз. Ілияс Омаров

Құрманғазы кім?Олтуралы сендер не білесіңдер?



Қазақ эпосы мен фольклорының барлық түрі музыкамен тығыз байланыста. Салт - дәстүрлік, тұрмыстық және тарихи әндермен қоса, ірі эпикалық поэмалар да ақынның өзі таңдаған әуенмен домбыра арқылы орындалған. Қазақ фольклорындағы әуеннің ролі осы күй - аңыздарда ерекше байқалады, ол оқиға мен сезімді жеткізу құралы ретінде қолданып, сюжеттік сипатты береді. Әдетте, домбырада, сыбызғыда немесе қобызда күйші (әуенді шығарушы немесе ойнаушы) орындалатын күйдің мазмұнын қысқаша баяндайды да, оны дәстүрлі: “ал, енді мұны домбырадан тыңдаңдар”, - деген сөз тіркесі мен аяқтайды. 

3-слайд. 2)Сабақтың тақырыбы  мен мақсатымен таныстыру. «Күй аңыздары»

Мақсатымыз: Күй аңыздары туралы мәлімет алуға іздену, талдауларды , қайталау ,сабаққа белсенді қатысу,бір,бірін сыйлай отырып жұмыс істеу, әнді,күйді сүйіп құрметтей білу.
ІІІ. Мағынаны тану.

4-слайд.Күй аңыздарын 3 арнаға бөлуге болады.1)Халық күйлерінің күй аңызы.

2) Халық композиторлары шығарған аңыз-әңгіме. 3)Қазіргі күйші композиторлар шығарған күйлердің аңыз-әңгімесі.



Күй аңыздарының түрлері


Халық күйлерінің Халық композиторлары Қазіргі күйші -

күй аңызы шығарған композиторлар

аңыз-әңгіме шығарған

күйлердің

аңыз-әңгімесі



Ал,енді оқушыларға үй тапсырма ретінде өз беттерімен ізденіп дайындалуға

Күй аңыздарының түрлері берілген

Қазір осы оқушылардын дайындығын көреміз.

5-слайд.Бірінші сөз кезегі Домбыра тобына беріліеді- Халық күйлеріні күй аңызы .

Екінші сөз кезегі Жетіген тобына беріледі-Халық композиторлары

шығарған аңыз-әңгіме.

Үшінші сөз кезегі Қобыз тобына беріледі- Қазіргі күйші - композиторлар шығарған күйлердің аңыз-әңгімесі .



Ал,енді әр топ бірін-бірі бағалайды.

IV. 6-слайд. Оқулықпен жұмыс:

Мәтінмен жұмыс133-134 бет

Домбыра тобы: Эвристикалық сатымен жұмыс.

Жетіген тобы:Семантикалық картамен жұмыс.

Қобыз тобы: «Күнделік» кестесін толтыру.

7-слайд
Грамматикалық  тапсырмалар (жалғаудың түрлері)

Домбыра тобы:1.Берілген сөздерді жіктеу: күйші, әнші.

Жетіген тобы: 2.  Берілген сөздерді тәуелдеу: домбыра, қобыз.

Қобыз тобы: 3.Берілген сөздерді септе: аңыз, күй.
8 слайд.Ақсақ құланның суреті.

“ Ақсақ құлан” атты бейнетаспа көріп ,күйді тыңдау.

Күйге шолу жасау.

Авторы беймәлім “ Ақсақ құлан” атты ежелгі күй - аңызда Жошы ханның жалғыз ұлы туралы.Ол құлан аулауға құмар болған.Әкесінің рұқсатынсыз аңға кеткен ханзаданы құлан теуіп өлтіріп кетеді.Баласының өлгенін бір адам домбыра арқылы естіртеді.


V.9- слайд. Ой толғаныс.

Бес жолды өлең

Күй

әдемі,нәзік

Тыңдайды,орындайды,шертеді

Күй-қазақ халқының өнер туындысы

Музыка

Әртоп өзінің өлеңін оқиды

VI.Бекіту. Сабақ ұнады ма? Несімен?Не білдіңдер?

VII. Баға қою.

10-слайд.VIII. Үйге тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу134 -135 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет